Жаңалықтар

Танымал бокс бапкері Әділбек Ниязымбетовті Олимпиадаға апармау керектігін айтты

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері, бүгінде Алматы облысын жаттықтырып жүрген Тұрсынғали Еділов танымал боксшы, Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетовтің шеберлігіне күмәнмен қарайды.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

“Меніңше, Әділбек барлық күшін сарқып бітті. Оның жекпе-жектерін көргеннен кейін осындай шешімге келдім. Оның орнын Әли Ахметов есімді жас боксшы баса алады. Оның жасы небары 20-да ғана. Әйтсе де, оның үздіктерді ұтатын шамасы бар. Әли Олимпиаданың жолдамасына да таласа алады”, – дейді Тұрсынғали Еділов.

Еске сала кетейік, Қарағандыда аяқталған Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде Әділбек Ниязымбетов қола жүлдені қанағат тұтты. Мұның алдында ол лицензиялық әлем чемпионатынан құралақан қайтып, жолдама мәселесін кейінге қалдырған болатын.

Азия құрлығындағы Олимпиада жолдамасын сарапқа салатын соңғы сын көктемде Астанада өтеді.

Бокстан Қазақстан құрамасының қазіргі бас бапкері Мырзағали Айтжанов Әділбектің ұтылып қалғанын талантты жастардың өсіп келе жатқанымен түсіндірді. Ол 81 келі салмақта жолдамаға кімнің таласатынын келесі жылдың басында бапкерлер құрамы шешетінін айтқан.

Тұрсынғали Еділов Қазақстан боксының өркендеуіне үлес қосқан тұлға. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасының боксшылары Сидней Олимпиадасында 2 алтын, 2 күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Ақпарат: www.nur.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

IMG_7364

Әли Оқапов «голливудтық фильмнің» басты рөлін сомдайды (ФОТО)

53 рет оқылды23.12.2015
5764f046-d001-4d19-a6c3-90d5159fab51

Илья Ильин карьерасын қашан аяқтайтынын мәлімдеді

44 рет оқылды23.12.2015
12328346_1652670374992876_1483915028_a

Қайрат Нұртаспен бірге кешкі ас ішкен бойжеткен бақытты екенін жасыра алмады (ВИДЕО)

521 рет оқылды22.12.2015
photo_23090

НВО сарапшысы Головкинді «2015 жыл боксшысы» деп атады

77 рет оқылды22.12.2015
7FF0D867-2A3A-46AC-8475-B858BDCD4494_mw1024_s_n

Рифхат Зайытов: Менің балам Елбасыға қарсы болған емес

547 рет оқылды22.12.2015
qiSVA6ymTr4

Меломен тобы көрермендерді таңқалдырмақ

205 рет оқылды22.12.2015