Жаңалықтар

Тұрсынхан Еркін «Bala Turkvizyon-2015» халықаралық ән байқауында ІІ орын иеленді (ФОТО)

Ыстамбұлда өткен «Bala Turkvizyon» халықаралық ән байқауында бақ сынасқан 13 елдің өнерпаздарының арасынан 12 жасар қазақстандық Тұрсынхан Еркін екінші орын иеленді. Бұл туралы аталмыш байқаудың Инстаграмдағы парақшасында хабарланған. 

Қарағандылық Тұрсынхан Еркін өңірлік кастингтен өтіп, «Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің Астанада тамыз айында өткен ақтық сынында 34,5 ұпаймен жеңімпаз атанған еді.

Оның тәлімгері әйгілі әнші Нұржан Керменбаев болды. «Bala Turkvizyon-Қазақстан» финалына арнап Нұржан, ақын Ш.Әбдірахман мен сазгер М.Сәби «Самға» әнін жазды. Осылайша, бұл әнді Тұрсынхан Еркін Түркияның Ыстамбұл қаласында «Bala Turkvizyon» халықаралық ән байқауының Гранд-финалында миллиондаған аудитория алдында орындады.

Ал байқауда Гран-при иеленген әзербайжандық өрен енді 18 желтоқсанда ашылатын ересектер арасындағы Turkvizyon-2015 байқауында өнер көрсететін болады. Бұл байқауды 300 млн-нан астам телекөрермен тамашаламақ. Ол «Хабар» арнасынан көрсетіледі.
  

Ақпарат: www.inform.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

hnvewkbi.i3bkipyat-com028

MC SAILAUBEK x ШYNGYS x БӘКЕ — Азат Елдің Ұлдары

48 рет оқылды18.12.2015
AvjV-5iFURluCK24zxSxCrIemo9f_gTEmELrFcnuRl-r

Алматыда Қайрат Нұртастың 10 жылдық мерейтойлық концерті өтті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

150 рет оқылды18.12.2015
photo_23009

12 жастағы қазақстандық Bala Turkvizyon конкурсының «Алтын дауыс» титулын жеңіп алды

116 рет оқылды18.12.2015
photo_23008

Instagram желісінде ең танымал қазақстандық жұлдыздар

153 рет оқылды18.12.2015
Кәмшат Қоскелова: Ақбілек пен Жамалдың бейнесін сомдағым келеді

Кәмшат Қоскелова: Ақбілек пен Жамалдың бейнесін сомдағым келеді

121 рет оқылды18.12.2015
Бауыржан Байбек қазақ тіліндегі «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің тұсау кесеріне қатысты (ВИДЕО,ФОТО)

Бауыржан Байбек қазақ тіліндегі «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің тұсау кесеріне қатысты

41 рет оқылды18.12.2015