Биыл 65 рет өткізгелі жатқан «Әлем аруы-2015″ сұлулық байқауына Қазақстан атынан 22-жастағы Регина Вандышева барады. Ол әлемнің арулары жиналып жатқан Қытайдың Санья қаласына барып үлгерді. Регина әлемдік деңгейдегі байқауға 2014 жылы «Қазақстан аруы» атанан кейін-ақ бастап кеткен. Ол өзінің ағылшын және қазақ тілдерін жетілдірді, боянудың түрлерін үйренді, спорпен шұғылдануды жалғастырды. Сондай-ақ, Регина жеңіл атлеткадан спорт шебері.


«Байқауға уақт аз қалған сайын, толқып жүрмін. 100 тарта қатысушы қыздар әлемнің әр елінен келеді. Бастысы, елімізді жақсы таныстырып, өзімді 100 пайызға көрсете алу. Бәрі өз қолымызда. Мен өте позитивті адаммын. Мүмкін емес нәрсе болмайды. Өзіме сенемін» -деді Регина Вандешева.
«Әлем аруы-2015″ байқауы бұл жылы Қытайда өтеді. Әлемнің әр түкпірінен келген арулар бір ай бойы финалға дайындалады. Ол уақыт аралығында финалдық шоуға дайындық жүргізеді.
«Мисс Қазақстан» байқауының ресми стилисті Ирина Ашербекова Регинаның әлемдік байқауда киіп шығатын киім үлгілерін дайындап қойды. Ал ұлттық киімді танымал дизайнер Аида Кауменова өз мойнына алды.


Регина сахналық және кешкі киім үлгілерін көрсету кезінде голливудтық бренд SHERRI HILL-дің киімдерінде шығады.

«Әлем аруы-2015″ байқауы 19-желтоқсан күні Санья қаласында өтеді. 2014 жылы әлемнің ең сұлуы атанған Оңтүстік Африка Республикасынан келген Ролен Штраус тәжді жеңген аруға табыс етеді. Ал біз өз атымыздан Регинаға тек жеңіспен оралуын тілейміз.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS