Жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов философия ғылымдарының докторы атанды

Қыдырәлі Болманов бүгін Ресей ғылыми кеңесінде зерттеу еңбегін қорғап, психологияға бағытталған философия ғылымдарының докторы атанды. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында мәлімдеді.

“Аллаға шүкір, ғылымның есігін ашып, “инемен құдық қазып”, ол құдықтан су шыққанны көру ерекше бақыт екен. Ресей ғылыми кеңесінен өте жоғары “баллға” қорғап шықтым. Яғни, өте жоғары баға алдым”, – дейді танымал әртіс.

Болманов зерттеуінің әлі қорғалмаған тың тақырып екенін, текті ұлтымыздың этнопедагогикасының ғажап екенін, бесік жырының бала тәрбиесінде орны бөлек екенін, ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алатынын айта келіп, ауадай қажет екенін ғылыми дәлелдеп шыққанына қатты қуанған.

“Аллаға сансыз мадақ! 2012 жылдан бастап қолға алған зерттеулер мен ғалымдармен біріге жасаған оқу-әдістемелік еңбек бүгінде халықаралық кеңестің қаулысымен ғылыми дәлелденді. Мен бүгіннен бастап, PhD атандым. Шүкіршілік!!!”, – деді әнші жеке микроблогында.

Бұған қоса, ұйқысыз түндері, мазасыз күндері артта қалған Қыдырәлі киелі ұлты үшін тағы атқарар міндеті мол екенін айтып өтті.

Болмановтың жеңісіне әлеуметтік желіден хабардар болған әріптестері Қыдырәліні құттықтай жөнелді. Әнші Төреғали Төреәлі ағасына жыр шумақтарын арнады.

Бар қазаққа жүзі мен даусы мәлім,
Қыдекең бұдан былай Әнші-Ғалым,
Қазақ үшін шырылдап Шәмші жаның,
Жана бер, күндей жарық шам-шырағым!
Міне бүгін теңізге айналғандай
Терезеңді қағатын тамшыларың, – деп өлең арнады Төреғали өнердегі ағасына.

Аллага шукiр…..Гылымнын есiгiн ашып,"инемен кудык" казып,ол кудыктан су шыкканын кору,ерекше бакыт екен..,.Ресей гылыми-кенесiнен оте жогары " баллга" коргап шыктым….Ягни оте жогары бага алдым,алi коргалмаган тын такырып екенiн,Ен бастысы тектi Ултымыздын этнопедагогикасынын Ғажап екенін,бесік жырының орны өте бөлек бала тарбиеснде,урпак санасында ерекше орын алатынын,ауадай кажет екенiн Гылыми далелдеп шыктым…Аллага сансыз мадак !!! 2012 жылдан бастап колга алган зерттеулер мен галымдармен бiрiге жасаган "учебно-методический комплекс", бугiнде Халык аралык кенестiн каулысымен гылыми далелдендi…,Мен бугiннен бастап PhD (Доктор философии направление психологий ) Шукiршiлiк !!!, уйкысыз тундер,мазасыз кундер артта калып,тагы да не iстейiн тектi де киелі Ұлтым үшін деееееп отырган 😄😄😄

Фото опубликовано Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Ақпарат: www.nur.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

IMG_7364

Әли Оқапов «голливудтық фильмнің» басты рөлін сомдайды (ФОТО)

53 рет оқылды23.12.2015
5764f046-d001-4d19-a6c3-90d5159fab51

Илья Ильин карьерасын қашан аяқтайтынын мәлімдеді

44 рет оқылды23.12.2015
12328346_1652670374992876_1483915028_a

Қайрат Нұртаспен бірге кешкі ас ішкен бойжеткен бақытты екенін жасыра алмады (ВИДЕО)

521 рет оқылды22.12.2015
photo_23090

НВО сарапшысы Головкинді «2015 жыл боксшысы» деп атады

77 рет оқылды22.12.2015
7FF0D867-2A3A-46AC-8475-B858BDCD4494_mw1024_s_n

Рифхат Зайытов: Менің балам Елбасыға қарсы болған емес

547 рет оқылды22.12.2015
qiSVA6ymTr4

Меломен тобы көрермендерді таңқалдырмақ

205 рет оқылды22.12.2015