Видео Facebook әлеуметтік желісіндегі "Әзілкештер мекені" тобында жария болды. "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының директоры Бауыржан Ибрагимовтың қатысуымен болған қысқа роликті Noor Hairulla есімді қолданушы жүктеген.
"Ұят, Бәуке. Сұмдық", - деп жазды ол.
Оқиға қонақүйлердің бірінде болған. "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының директоры Бауыржан Ибрагимов қонақүй қызметкерлеріне былапыт сөз айтып жатыр. Әртісті оның атына бронь болмағаны ызаландырған сыңайлы.
Әкімші қыз, қонақүйде басқа да бос орындар барын, және "Бауыржан-шоудың" жұлдызының атына бронь болмаса да кез келген нөмірге жайғастыра алатынын мәлімдейді. Бұған Бауыржан Ибрагимов ашуланып, осы мәселеге жарты сағат уақыты кеткенін былапыт сөздермен жеткізеді.
Видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Біреулер әртістің ісін сөксе, басқалары бұл әркімнің басынан өтуі мүмкін екенін және күткендіктен сабырының таусылғанын айтып ақтап алуға тырысуда.

Пікірлер