Гостиницы в Алматы
2017-08-04 10:54:43 7 0

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Филиппин елінде өтуде. Жарыстың екінші күні жеті бірдей Қазақстан боксшысы шаршы алаңға шығып, жетуі де жеңіске жетті.

Атап айтар болсақ, 60 келіде Бекзат Ерімбет Кореялықты, 80 келіде Сағындық Тоғайбай Ирандықты және +81 келіде Арнұр Ахмеджанов Моңғолиялықты уақытынан бұрын тізе бүктірді.

Сондай-ақ 52 келіде Бейбарыс Жексен Тайпейлікті, 70 келіде Ерасыл Жақпеков Өзбекстандықты, 75 келіде Қуапндық Мақсұт та Өзбекстандықты 5:0 есебімен ұтты. 48 келіде Махмұд Сабырхан жарыс қожайынын 4:1 есебімен жеңді.

Екінші жарыс күнінің қорытындысы:

48 kg, Makhmud Sabirkhan (Kazakhstan) — Russu Laurente Criz (Philippines), 4:1

52 kg, Bibars Zheksen (Kazakhstan) — Chin Tsai Jui (Taipei), 5:0

+81 kg, Arnur Akhmetzhanov (Kazakhstan) — Munkhjavhalan Tserenkhishigt (Mongolia), RSC-! R1

60 kg, Bekzat Erimbet (Kazakhstan) — Hyeongho Kang (Korea), RSC R2

70 kg, Yerassyl Zhakpekov (Kazakhstan) — Khayotbek Bakhtiyorov (Uzbekistan), 5:0

75 kg, Kuandyk Maksut (Kazakhstan) — Madiyar Rejepov (Uzbekistan), 5:0

80 kg, Sagyndyk Togambay (Kazakhstan) — Armin Azari Privatlou (Iran), RSC R2

 

Пікір жазу