Жаңалықтар

Денис Тен құрлық және әлем чемпионатына қатыспақ

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен алда қатысатын жарыстарын жариялады, деп жазады Аламан порталы.

Астанада өткен жанкүйерлермен кездесуде Денис Тен ақпанда Тайпейде өтетін «Төрт құрлық чемпионатына» баратынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ наурызда АҚШ-тың Бостон қаласындағы әлем чемпионатына қатысады.

«Ақпандағы «Төрт құрлық чемпионатына» дейін Еуропада өтетін коммерциялық жарыстарға қатысу ойда бар. Негізгі басты жарыс Бостондағы әлем чемпионаты болмақ», — деді Тен.

Денис Тен былтыр Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен «Төрт құрлық чемпионатында» алтын медаль алған. Ал Шанхайдағы әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген еді.

Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ақпанда Лиллехамерде (Норвегия) өтетін жасөспірімдер олимпиадасына барады.

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

Безымянный

Кəмшат Жолдыбаева ашық көйлегін сынаған көрерменге қатқыл жауап қатты

1 195 рет оқылды19.01.2016
ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443

Көрермен Дана Нұржігітті неге ұнатып, неге ұнатпайды?

752 рет оқылды19.01.2016
SBB_15421

Динара Сұлтан: Балаларым қазақша оқып, қазақ мектебін бітірсе екен деймін

1 648 рет оқылды19.01.2016
photo_83342

Моңғолиядағы қазақ баласы бокстан қарсыластарын бет қаратпады

123 рет оқылды19.01.2016
3G4dKjcBSjA

Қайрат Нұртас пен Ғаділбек армян әндеріне көз тіге бастады

524 рет оқылды19.01.2016
jX2_VIj5TdU

Нұрғиса Тілендиевтің қызына қатысты тағы да шу шықты

1 528 рет оқылды19.01.2016