Алматы қаласының 3 жасар Мирас есімді тұрғынының Қайрат Нұртасты іздеп əлекке салған видеосы əлеуметтік желіде тарап кеткен еді.
Мұны көрген əнші өзінің кішкентай жанкүйерімен мамыр айының соңында кездесуге уəде берді.
Ал, Қайрат Нұртастың анасы кездесуді өзі ұйымдастыратынын айтты. Бұл жайында stan.kz мəлімдеді.
«Әрине, видеоны көргенде жүрегім ауырды. Кіп-кішкентай балақай. Жүрегі менің Қайратым деп соғып тұрса, оның несі айып?! Әрине кездесуге барамыз. Бірге ән де шырқайды біздің Қайрат. Егер сол Мирас деген баланы тауып алсақ, бізде уақыт бөлуге тырысамыз»,- деді Гүлзира Айдарбекова