Alaman.kz сайты Рио Олимпиадасының қарсаңында еркін күрестен Қазақстан құрамасының осыған дейінгі Атланта мен Лондон Олимпиадасының аралығындағы көрсеткіштерін ұсынады.
Бес Олимпиада да еркін күрестен алған жүлдеміз. Өкінішке қарай әлі алтын алған жоқпыз.
| Еркін күрес | |
| Олимпиада өткен жер | Жүлде алдық |
| Атланта – 1996 | Қола – Мәулен Мамыров (52 келі) |
| Сидней — 2000 | Күміс – Ислам Байрамуков (97 келі) |
| Афины — 2004 | Күміс – Геннадиий Лалиев (74 келі) |
| Бейжің — 2008 | Күміс – Таймураз Тигиев (96 келі) Қола – Марид Муталимов (120 келі) |
| Лондон — 2012 | Қола – Ақжүрек Таңатаров (66 келі) |
Грек-рим күресіндегі балуандар әлі Олимпиадаға толық құраммен барған емес. Ал еркін күресте жүргендер 2012 жылы Лондон Олимпиадасына толық құраммен барған. Жалпы жеті салмақ бойынша балуандарымыз сынға түсті.
55 келі – Дәулет Ниязбеков – қола медальға күресіп жеңілді.
60 келі – Дәурен Жұмағазиев – алғашқы айналымда жеңілді.
66 келі – Ақжүрек Таңатаров – қола медаль алды.
74 келі – Абдулхакім Шәпиев – ширек финалда жеңілді.
84 келі – Ермек Байдуашев – алғашқы айналымда жеңілді.
96 келі – Таймураз Тигиев – алғашқы айналымда жеңілді.
120 келі – Дәулет Шабанбай – қол медальға күресіп жеңілді.
Еркін күрестен Қазақстан азаматтығын алған балуандар және олардың жетістігі.
| Еркін күрес | ||
| Есімі мен тегі: | Қайден келді? | Жетістігі: |
| Атланта — 1996 | ||
| Артур Федоров | Якутия (Ресей) | 1992 жылы Ресей чемпионатында қола алды (57 келі). 1996 жылы Атлантаға Қазақстан атынан барып екінші айналымда жеңілді. |
| Магомед Куруглиев | Дағыстан | Екінші айналымда жеңілді (74 келі). |
| Эльмади Жабрайлов | Дағыстан | Ресей атынан Әлем (1989, алтын) және Олимпиада (1992, күміс) жүлдегері. Жартылай финалда жеңілді (82 келі). |
| Игорь Климов | Брянск (Ресей) | Екінші айналымда жеңілді. |
| Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 10 салмақтағы 6 балуанның үшеуі легионер болған. | ||
| Сидней – 2000 | ||
| Геннадий Лалиев | Оңтүстік Осетия | Жартылай финалда жеңілді. |
| Магомед Куруглиев | Дағыстан | Топтан шықпады |
| Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 8 салмақтағы 6 балуанның екеуі легионер. | ||
| Афины — 2004 | ||
| Леонид Спиридонов | Якут | Қола медальға күресіп жеңілді. |
| Геннадий Лалиев | Оңтүстік Осетия | Күміс медаль алды. |
| Магомед Куруглиев | Дағыстан | Топтан шықпады |
| Марид Муталимов | Махачкала, Дағыстан | Қола медальға күресіп жеңілді. |
| Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 7 салмақтағы 6 балуанның төртеуі легионер. | ||
| Бейжің — 2008 | ||
| Леонид Спиридонов | Якут | Қола медальға күресіп жеңілді. |
| Геннадий Лалиев | Оңтүстік Осетия | Алғашқы айналымда жеңілді |
| Таймураз Тигиев | Владикавказ. Солтүстік Осетия | Күміс медаль алды |
| Марид Муталимов | Дағыстан | Қола медаль алды |
| Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 7 салмақтағы 6 балуанның үшеуі легионер. | ||
| Лондон – 2012 | ||
| Абдулхакім Шапиев | Дағыстан | Ширек финалда жеңілді |
| Таймураз Тигиев | Владикавказ. Солтүстік Осетия | Алғашқы айналымда жеңілді |
| Жалпы Қазақстан құрамасы апарған 7 салмақтағы 7 балуанның екеуі легионер. | ||
Леонид Спиридонов
Олимпидаға бір емес екі мәрте, тіпті үш рет барғандар бар.
| Олимпиадаға екі мәрте барғандар | |
| Мәулен Мамыров | Атланта – 1996 (52 келі), (қола). Сидней – 2000 (54 келі). |
| Бауыржан Оразғалиев | Афины – 2004 (55 келі). Бейжің – 2008 (60 келі). |
| Леонид Спиридонов | Афины – 2004 (66 келі). Бейжің – 2008 (66 келі). |
| Марид Муталимов | Афины – 2004 (120 келі). Бейжің – 2008 (120 келі), (қола). |
| Таймураз Тигиев | Бейжің – 2008 (96 келі), (күміс). Лондон – 2012 (96 келі). |
| Олимпиадаға үш рет барғандар | |
| Ислам Байрамуков | Атланта – 1996 (90 келі). Сидней – 2000 (97 келі), (күміс). Афины – 2004. (96 келі). |
| Магомед Курглиев | Атланта – 1996. (74 келі). Сидней – 2000. (85 келі). Афины – 2004. (84 келі). |
| Геннадий Лалиев | Сидней – 2000. (76 келі). Афины – 2004. (74 келі), (күміс). Бейжің – 2008. (84 келі). |

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS