Гостиницы в Алматы
2017-01-27 20:42:10 1396 0

КЕШYOU тобының продюсері Баян Есентаева топтың жаңа құрамына қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында қалжың аралас постпен бөлісті. 

2016 жылдың желтоқсан айында КЕШYOU құрамынан Ақбота Сейітмағамбетова шығып кеткен еді. Баян Есентаева топтың жаңа мүшесін жыл басында көрсетемін деп айтқан болатын. Бірақ, әлі жаңа құрамды көпшілікке таныстырған жоқ. Ал әлеуметтік желідегі парақшасында топтың жаңа құрамына қатысты қалжың аралас пост салды.

Долго держала в тайне! Новый состав КЕШYOU 👍🏻

Фото опубликовано Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)

Баян Есентаева - КЕШYOU тобының негізін қалаушы продюсер. Топ құрамы бірнеше рет өзгерген. Оның қатарында Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Мөлдір Әуелбекова сынды бүгінгі күнде жеке әншілікпен айналысып жүрген өнер жұлдыздары болған. Соңғы рет топтан Ақбота Сейітмағамбетова шыққан еді.

Пікір жазу