Халық әртісі Роза Рымбаева өнердегі мерейтойын кең көлемде атап өтуде.
Талантымен талайды тәнті еткен әртістің сахна төрінде жүргеніне биыл 40 жыл толды. Сол кезден бері өнер иесі халықтың ыстық ықыласына бөленіп келеді. Репертуарындағы әндер саны бүгінде 400-ден асқан. Ол өнер көрсетпеген сахна, орындамаған ән кемде-кем.
Айтулы датаға орай әнші «Ертеңіме сенемін» атты гастрольдік сапарымен Қазақстанды түгел аралап, тыңдармандарын әсем әніне бөлемек.
Рымбаева өнердегі жас буынмен бірге 2 айға созылатын сапарын 21 шілдеде бастады. Үшқоңырдың халқы сүйікті әншісін ыстық ықыласпен қарсы алды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ақ батасын берді.
Шара қазан айында Алматыда өтетін есеп беру кешімен аяқталмақ.
“Халықтың маған деген махаббаты мені әрқашанда үлкен бір белестерге жетелейді. Әрбір концертім мен үшін шығармашылық емтихан. Мен енді, болдым, толдым деп тұрғаным жоқ”, — дейді Рымбаева.
Сапарға мерейтой иесімен бірге жас әншілер де шықты. Олардың қатарында Мәдина Сәдуақасова, Нұржан Керменбаев, Мөлдір Әуелбекова мен әншінің екі ұлы бар.










Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS