Атақты француз модельері Кристиан Диордың сүйікті модельдерінің бірі жартылай қазақ қызы Алла Ильчун болған. Бар әлемді ерекше стильді киімдерімен жаулап алған модельер мен Алла Ильчунның таныстықтары да өзгеше. Асханада жай ғана ыдыс жуушы болып жүрген бойжеткен құрбысымен Диордың кастингіне барған. Нәтижесінде сұлу да сымбатты бойжеткен Кристиан Диордың көңілінен шығып, ұзақ уақыт бойы сән саласында еңбек еткен.
Кристиан Диор мен Алла Ильчун бірге 20 жыл бойы жұмыс істеген. Кей деректерге сүйенсек, модельдің алғашқы келген кездегі мықымы 47 см болса, 20 жыл ішінде оның белі 2 см ғана толған. Осындай сымбаттылықтың құпиясын модель өзінің тамақ ішпей, тек сусындар пайдаландықтан деп есептейді.
Айта кетейік, Кристиан Диор тек киімдер ғана емес, кейіннен зергерлік бұйымдар мен парфюмерлер шығара бастайды. Модельердің қыз-келіншектерге ұсынған бар дүниесі әлі күнге дейін нәзік жандыларды жалықтыра қойған жоқ. Әлемнің арулары Dior сияқты атақты брендті пайдалануға қашанда асық екендігі рас.







Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS