Zakon.kz сайты хабарлағандай, Түркияның Белек қаласында өткен Еуропа чемпионатында еліміздің спортшылары алты алтын иеленді. 18-23 ақпан аралығында болған чемпионатта, бірінші күні ересектер арасында Алмас Мұқаманов күміс медальді қанжығаласа, Айгүл Елубай, Ержан Абылқас, Руслан Жапаров қола медальді қанағат тұтты. Ал жарыстың екінші күні жастар арасында өткен шайқаста 5 медаль Қазақстан құрамасының қоржынына түсті. Олардың 3-і алтын медаль, ең мықты болғандардың қатарында Ботагөз Қосмаханбет, Сағыныш Шымырбай және Самат Серікбай бар. Бір күміс Елдар Бірімбайға, бір қола Ерасыл Бекболатқа бұйырды. Жарыстың үшінші күні Алима Қайдарова, Фарида Байбатырова және Дулат Сиқымов өз салмақ дәрежелерінде ең мықты деп танылып, алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, жас таеквондышылар Алматы қаласындағы «Барс» орталығының жеткіншектері.

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS