Жаңалықтар

Қазақ эстрадасындағы жігерлендіретін (мотивациялық) әндер (ТОП-15)

Қазақ эстрадасында жырланатын әндердің дені махаббат төңірегінде. Кейбірі сазды, лирикалық ән болса, кейбірі ырғақты, тойға арналған әндерден құралады. Бірақ көбіне жырлайтындары – махаббат, сезім, құштарлық. Дегенмен, солардың арасында өмірге құштарлықты оятатын, алға жетелеуге үгіттейтін әндер туындап жатады. Алайда, олардың елге таралып, танымал болып жататындары кемде-кем. Baistars.kz елге кең таралған, өмірге құштарлықты оятатын қазақша мотивациялық әндердің рейтингін жасап көрді.

Шеруімізді Бейбіт Сейдуалиеваның «Бір үміт» әні бастайды. Бұл ән 2010 жылдары елге кең таралды. Әншінің жеке шығармашылық кеші де «Бір тілек, бір үміт, бір белгі» деп аталған болатын.

Бекболат Тілеуханов пен Ринат Гайсиннің «Ағайынды» фильміне орындаған саундтректері бір кездері ұялы телефонға көп жүктелетін әндердің бірі еді.

Жазира Байырбекованың «Армансыз күнім болмайды» бойжеткендер арасында әрқашан хит.

Ерден Жақсыбековтың «Өмір – көктем» әні де елеп-ескеруді қажет ететін туынды. Бейнебаяны да өмірге құштарлықты, жігерлікті көрсетеді.

Роза Рымбаева және Мәдина Сәдуақасова алға мақсат қойып, бақытқа жол бастауға шақырады.

Бейбіт Күшқалиев «Берілме» әнімен Turkvizyon ән-байқауына қатысқан. Бұл ән оны жеңіске жеткізбесе де, көптеген адамға өз күшіне сенуіне, қандай қиындық болса да берілмеуге үйретті.

Алишер Каримовтың «Бақытың өз қолыңда» әні өте позитивті, ырғақты. Нағыз көңіл көтеретін ән.

Ерболат Құдайбергеновтың «Біздің жігіттер» әні жігіттерге рух беріп, жігерлендіреді.

Мадина Сәдуақасованың «Сенім» әні де көңілге сенім ұялатып, алға жетелейді.

Беркут пен Аиша – Бәрі жақсы болады. Сөзсіз мотивациялық ән.

Әли Оқаповтың «Алға» әні патриоттық әнге жақын. Дегенмен, елің үшін еңбек етіп, алға ұмтылуды насихаттайды. Сондықтан мотивациялық әндер рейтингімізде орын алды.

Өмірге құштарлықты оятатын Алишер Каримовтың тағы бір әні — «Өмір». Өмір зулап өте шыққанымен, сондай тәтті, қайталанбас естеліктерімен ерекше.

Ақылбек Жеменей — Алға, қазақ жігіттері! Жеңіске рух беретін жігерлі ән шеруіміздің үшінші орынына.

Жанар Дұғаловадан кезекті хит  – «Айта берсін». Былтырғы жылдың желтоқсан айында шыққан бейнебаян қазірге дейін 2 млн-ға жуық көрілім жинаған. Соған қарағанда, көптің көңілінен шығып, елдің сөзін елемей, алға ұмтыла беруге көндірген сияқты.

Шеруімізді Роза Рымбаеваның «Ертеңіме сенемін» әні аяқтайды. Сөзсіз хит, мотивация беретін жігерлі ән. Өмір сүру үшін сенім керек, өзіңе сенім, ертеңіңе сенім. Жаңбырлы күннің артынан күн шығатынына сендіретін бірден-бір туынды.

Әрине, біздің назарымыздан тыс қалған, тізімге енбей қалған мотивациялық әндер бар болуы мүмкін. Және де әр адамға түрлі ән мотивация беретіні анық. Сондықтан өзіңіз сүйіп тыңдайтын, өзіңізге жігер, рух, өмірге құштарлығыңызды оятатын қазақ әні болса, пікір ретінде қалдырасаңыз болады.

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
502 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

men

Қазақстанның ең бай әншісі туған күнін тойлауда

466 рет оқылды26.02.2016
skolko-poluchaet-andrej-arshavin-v-kubani

Андрей Аршавин «Қайрат» сапында ойнайтын болды

93 рет оқылды26.02.2016
кеш

«КешYOU» тобының жаңа бейнебаяны шықты

313 рет оқылды26.02.2016
f2JEcSXqgHo

Бибігүл Ақтан жабайы аңдарды қорғау ұйымының өкілі атанды

118 рет оқылды26.02.2016
maxresdefault

«16 қыз» фильмінің тұсаукесері Қарағандыда өтті

250 рет оқылды26.02.2016
Мархаба

Мархаба Сәбиева сәтсіз туындысын Мақпал Исабековаға сыйлады

605 рет оқылды26.02.2016