Қазақстанның мақтанышы Илья Ильин 2015 жылдың қорытындысы бойынша кезекті рет әлемнің үздік ауыр атлеті атанды — деп хабарлайды tengrinews.kz. Олай дейтініміз Сыр саңлағы бұған дейінде яғни, 2005, 2006 және 2014 жылдарда да алдыңғы қатарда болған. Спортшыларға дауыс беру халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтында жүргізілген. 2015 жыл Ильяға табысты болды. Еске сала кетейік, отандасымыз Грозныйда өткен РФ президентінің жүлдесін жеңіп алып қоймай, осы жарыста екі бірдей әлемдік рекордты жаңартып, дүниені дүр сілкіндірген болатн. Бұдан өзге спортшы өткен жылы PHD докторлық диссертациясын абыройлы қорғап шықты.
Ал әйелдер арасында бұл атаққа қытайлық Сюй Шу-Чин лайық деп танылды.
Қазіргі таңда Илья Ильин Польшада оқу-жаттығу жиынында жүр. Ендігі белес, алдағы Рио Олимпидасында жоғарғы деңгейде өнер көрсетіп, байрақты бәсекеде топ жару.

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS