Ұлықпан Жолдасовтың 50 жас мерейтойына өнер жұлдыздарының бірі қалмай қатысқанын жазған болатынбыз. Бұл тойдың бір ерекшелігі гитара мүсінді торт болса, екінші ерекшелігі — Баян Есентаеваның киімі болды.
Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева тойға көк тоқыма водолазка мен жұқа қара колготканың сыртынан шорты киіп барған. Көпшілік продюсердің бұл әрекетін түсінбей әлек.
Тілектер Видео опубликовано Айған Сайлаубайқызы (@aigan_zholdasova)
Оқырмандардың көбі Баян Есентаеваның тойға киіп баратындай киімі жоқ екендігіне сенбейді және продюсер ол туралы сөз қозғалсын деп әдейі киіп барғандығын айтады.
Сәнді әркім өзінше түсініп жүрген заманда тойға кім, не кием десе өз еркі, дегенмен, әлемдік этикет бойынша мейрамханада аталып өтетін мерейтойға классикалық үлгідегі көйлек кию ләзім екені айтылады. Егер мерейтой түнгі клуб сияқты орындарда өтетін болса, онда қонақтар кэжуал стилінде киінуіне рұқсат.
Бұған қоса продюсердің сіңлісі Бағым да шортымен келгенін айта кету керек. Апалы-сіңлілердің не ойлағаны тек өздеріне аян.

Балгын
19.02.2016 , 02:14
Ойланбай келе салган. Бул сыйламагандыктын белгiсi деп ойлайм оз басым. Тым такаппар адамдар екеуде.
Гульнар
24.02.2016 , 19:51
Комерсантка, тек кана кытайдын ала дорбасы жетпейдi.