Гостиницы в Алматы
2017-01-12 18:47:34 406 4

Қазақстандық Ninety One тобының жарық көрген әр әні, әр бейнебаяны топ фанаттары арасында да, жалпы музыкаға қызығушылық танытатын қауымдастықта да үлкен жаңалық болып, қызу талқыланып жатады. Осының ішінде Ninety One клиптеріне (немесе әндеріне) түсірілген видео-реакциялардың жөні бір бөлек. 

Baistars.kz осындай видеороликтердің қаралымы бойынша ТОП-10 тізімін әзірлеп, назарларыңызға ұсынады.

1. Кәріс қыздардың "Айыптама" әніне деген реакциясы.

Кёнгха атты блогшының youtube-арнасында жарияланған. Қаралымы: 572 281 

2. Кәріс жігіттерінің "Айыптама" әніне деген реакциясы.

"Корейские парни Korean guys" арнасында жарияланды. Қаралымы: 341 917

3. Кәріс жігіттерінің "Қайтадан" әніне деген реакциясы.

Бұл видео да "Корейские парни Korean guys" арнасында жарық көрді. Қарылымы: 162 904

4. YouHateHero влогында жарияланған "Қайтадан" әні бойынша реакция.

Ресейлік блогер Елизавета атты қыз түсіріпті. Қаралымы: 155 341

5. Санкт-Петербургта тұратын Диана Азамованың "Айыптама" әніне түсірген реакциясы.

Автордың "My Home is Moon" атты арнасында жарияланды. Қаралымы: 125 863

6. Тағы да YouHateHero арнасы. Бұл жолы "Айыптама" әні бойынша.

Қаралымы: 122 512

7. Кореялық блогер Go Toe Kyung атты блогшының "Айыптама" әніне түсірген реакциясы.

Қаралымы: 112 039

8. Ресейлік Коля атты қолданушының реакциясы. Видеода "Айыптаманың" бейнебаяны. Айтпақшы, Коляны қазақ деп қалмаңыздар, ол Вьетнамнан келген.

Қаралымы: 84 362

9. Қазақстандық Айдана атты блогшының "Айыптамаға" түсірген реакциясы.

Қаралымы: 69 868

10. Тағы бір ресейлік блогердің "Қайтадан" әніне түсірген реакциясы.

Ролик Kristina G арнасында жарық көрген. Қаралымы: 66 314

Ninety One - 2015 жылдың қыркүйегінде шыққан JUZ Entertainment лейблі аясында өнер көрсететін топ. Q-pop жанрының негізін қалаушылар. Құрамына 5 адам кіреді. Продюсері - ORDA тобының мүшесі Ерболат Беделхан.

Пікірлер

  • Аружан Даниярова
    Я вас люблю Ninety one,
  • Гулья
    Ен мыкты сабырлы топ осылай мəнгі бірге жүріндер алғп
  • Гулсая Габитова
    Ninety one, біз сіздерді əрқашан қолдаймыз!
  • Жанар
    91 Казакстан эстрадасына революция жасаган, ен талантты, керемет топ!!!

Пікір жазу