Жаңалықтар

Баян Есентаеваның артынша Асқар Жұмаділдаев та $1000 сыйақы тағайындады

Баян Есентаеваның артынша Асқар Жұмаділдаев та $1000 сыйақы жариялады, — деп хабарлайды Baistars.kz «Қамшы» порталына сілтеме жасап. Алайда академик байқауды білім қуған жастар арасында ұйымдастырып отыр. Академик Асқар Жұмаділдаев «Алгоритм» журналына берген сұхбатында математикадан мықты оқушыларға теңдеу жасырған. Теңдеуді шешкен оқушыға $1000 беретінін айтқан.

Ғалым  х!+1=y2 деген теңеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек дейді. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.

«Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сый­лық болар еді», — дейді академик.

Айта кетейік, академик 60 жасқа 2016 жылы 25 ақпанда толады. Үміткерлер осы мерзімге дейін теңдеуді шешуі тиіс.

Естеріңізде болса, Баян Есентаева да Инстаграм желісінде сайыс ұйымдастырып жатыр. Шарт бойынша үміткер моңғол баланың әнін айнытпай қайталауы тиіс. Жеңген адамға продюсер 1000$ беретінін айтқан.

Пікірлерді оқу (10)

10 пікір

  1. Балгерим

    11.02.2016 , 15:02

    Сәлеметсіз бе. Егер шешуін тапқан жағдайда оны қайда жібере аламыз?

    • Webber

      11.02.2016 , 17:48

      Оны 4 ші шешімін табу оңай емес) Егер оны табатын болсаң, демек миллион доллардың есебін шешкен боласың)))) Оңай жерде ақша жоқ)

  2. Гауһар

    11.02.2016 , 17:17

    Құрметті сайт әкімшілігі! Есепті шығарып қай адреске жолдауға немесе қай телефон арқылы хабарлауға болатынын анықтап берсеңіздер деген өтінішіміз бар.

    • Webber

      11.02.2016 , 17:49

      x=7, y=71, 4ші шешімін табыңыздар) Сәттілік!

  3. .

    11.02.2016 , 18:20

    Есеп қате басылып кетіпті. Дұрысы: x!+1=y^2. Бұндағы y^2 дегеніміз y-тің квадраты. Мысалы, 3^2=9, 7^2=49, 8^2=64. Бұл есептің үш шешімі белгілі: (x,y)=(4,5), (5,11),(7,71). Төртінші шешімін табу керек.

    Асқар Жұмаділдаев 60-қа 2016 жылдың 25 ақпан күні толады.

  4. baistars

    12.02.2016 , 00:31

    «Алгоритм» журналына хабарласыңыздар.

  5. Елдар

    12.02.2016 , 00:32

    Мен жауабын тапкатып, бирак дурыс па билмеймин. Есепти кай сайтка жиберу керек?

  6. Айдын

    12.02.2016 , 11:51

    Елдар ол қалай? жауабын тапсаң айнымалылардың орнына қойып тексере салмайсың ба? қалжыңбассың ғой!

  7. Мақсат

    12.02.2016 , 12:43

    Жауабын ғана табу керек пе? Немесе шығарылу жолын да көрсету керек пе?

  8. baistars

    12.02.2016 , 13:29

    Толығырақ http://zhasorken.kz/?p=14537 осы сілтеме арқылы біле аласыздар.

Бөлімнің басқа жаңалықтары

gfhdgfhdf

Баян Есентаеваның 1000$-ы кімге бұйырды?

234 рет оқылды15.02.2016
hfghg

Дәулет Болатовтың әні ғаламторда жүкті әйелдерді билете бастады

191 рет оқылды14.02.2016
34_wide

Адам қолынан ажал құшқан актерлер мен әншілер

576 рет оқылды14.02.2016
1449140021q5rrc-600x350

Ұлықпан Жолдасов — 50-де! Әншінің үздік әндері

296 рет оқылды14.02.2016
640x463x20130809_Miami_KHAMZA-Didar-KAZ-3-640x463.jpg.pagespeed.ic.Y7p7Lg3-N4

Дзюдошы Дидар Хамза Еуропа ашық кубогында алтын иеленді

84 рет оқылды14.02.2016
новый коллаж

Эстрада жұлдыздары Әулие Валентин күніне қарсы

345 рет оқылды14.02.2016