Шоу-бизнес

Мақпал Жүнісованың инстаграмын жойған кім?

Жақында Мақпал Жүнісованың қызы анасын тыңдармандарынан қызғанып, инстапарақшасын жойып тастаған болатын. Бір жылға жуық уақыт әлеуметтік әлемнің инстаграм ауылына тұрақтаған әнші , қызының бұл қылығына қиналмағанын айтты. Оған қоса өзі де ғаламтор мен әлеуметтік желілерге аса қызығушылық танытпайтынын жеткізді.

Қазақ ән өнерінің сандуғашы Мақпал ханым «Қазақтың ерке қызымын» деп әндеткенімен, отбасында қатал ана екенін жасырмайды. Алтыншыны аяқтаған аяулы қызы Мерейдің тентектік жасауына жол бермеймін, «тәртібім қатты!» дейді әнші..

Мерей Заманбекқызының алға қойған мақсаттарының бірі — ағылшын тілін жетік меңгеру екен. Шетел тілін тез үйрену үшін ол осы жазда Америкаға  барғалы отыр. Әрине жалғыз емес, анасы ол жақта да «әрбір басқан қадамын бақылап отырамын» дейді. Инстапарақшасынан айырылған  Мақпал Жүнісова, қызының әлеуметтік әлемді шарлауына кедергі келтірмейді. Бірақ, бұл жағдайда да қалыптасқан қағида біреу! Анасының бақылауы.

«Баланы жастан» дейді дана халқымыз. Балаға қаталдық танытқанмен, бір сәт мейірімге бөлеуді де ұмытпағайсыздар!

4ff08ca7d48a41c706e70ed67adaae57 2015-01-11-02.00.42

Пікір жазыңыз
Шоу-бизнес
1 634 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

maxresdefault

Баян Есентаева ресейлік порносайттармен соттаспайтын болды

456 рет оқылды31.05.2015
IMG_20150530_092230

Ғалымжан Молданазар Нью-Йоркте ән салды

458 рет оқылды30.05.2015
IMG-20150529-WA0081

Ұлықпан «баласымен» Еуропаға қоныс аударды

1 201 рет оқылды29.05.2015
f521661bc20d589015184a22b3b56815

«Доминолықтардың» тұңғышы дүниеге келді

952 рет оқылды27.05.2015
cats

Жұлдыздардың соңғы қоңырауы

1 651 рет оқылды25.05.2015
W_m-hUMguic

Нұрлан Еспанов «Киноға кетем!» дейдi

793 рет оқылды21.05.2015