Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына орай Ақберген Елгезектің авторлығымен түсірілген «Абай» деректі фильмі көрерменге жол тартпақ. Бұл жайында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар тілшілерге берген сұхбатында мәлім етті.
«Ағымдағы жылы өтетін мерейтойда Хәкім Абайдың келбеті жаңа қырынан таныла түспек. Мемлекеттік тілді дамыту қорының қаржыландыруымен Шығыс Қазақстан облысынан шыққан, Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының, Мемлекеттік «Дарын», «Алтын қалам» сыйлықтарының лауреаты Ақберен Елгезектің авторлығымен түсірілген «Абай» деректі фильмінің тұсауы кесіледі. Деректі фильмде көрермен-қауым халық ағартушысы Абайды жаңа қырынан тани отырып, алған білімі, шығыс тәрбиесі жайлы құнды деректермен және басқа да осы уақытқа дейін беймәлім болып келген тұстарымен таныса алады», — деді Ж.Омар.
Еске салайық, ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлының 170 жылдығын тойлау аясында Өскемен, Семей қалаларында республикалық айтыс, сахналандырылған қойылымдар, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен концерттер өткізіледі деп жоспарлануда.


baq.kz


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS