Әр жылдың жаз маусымында сәнді трендтер ауысып отырады. 2015 жылы қандай киімдер, қандай түс, қандай стиль сәнде?
Биылғы жаз маусымының трендтері ерекше. Сары, көк реңкті көйлектер, жейде стиліндегі көйлектер, ұзын белдемшелер әрбір аруды сәнді етіп көрсетуде.
Ендеше биылғы жаздың ең сәнді және басты 7 трендімен таныс болайық:
1. Биылғы жаздың басты трендерінің бірі — ашық иықты киімдер. Мұндай көйлектер мен жейделер өте сәнді әрі ыңғайлы. Оларды кез-келген жерге киіп баруға болады.

2. «Қарандаш» стиліндегі белдемшелер. Бұл белдемшені кез-келген жейделермен үйлестіріп, сәнді образ дайындауға болады. Оны кездесулерге, маңызды жиындарға киген дұрыс.

3. Биылғы трендті түстердің бірі — көк.
4. Сонымен қатар, джинс шалбары ешқашан сәннен шықпаған. Биыл да трендті киімдердің бірі болып есептеледі. Ол серуенге кигенге өте ыңғайлы.
5. Жеңсіз сүйретпелер де өте сәнді. Оларды түрлі көйлектердің немесе жейделердің үстінен киіп шығуға болады. Сүйретпелер сәнді образды толықтыруға нағыз керек киімдердің бірі.
6. Қалпақ та жаздың трендтердің қатарында. Оны көбінде күннен қорғану үшін киеді. Дегенмен, бет формасына қарай дұрыс қалпақ таңдаған жөн.
7. Корсет — жейделер. Ол қыздардың нәзіктігін көрсетеді.






Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS