Кино & театр

Қазақстан мен Ресей бірігіп телехикая түсіріп жатыр

Қазақстан мен Ресейдің киномамандары бірігіп жаңа телехикая түсіріп жатыр. Фильм орыс тілінде, 14 сериядан тұрады және «Ничего личного» деген атауға ие. Көрермендер оны «Хабар» телеарнасынан қыркүйек айында тамашалай алады.

Жобаны Қазақстан мен Ресейдің бірлескен тобы жүзеге асыруда. Ресейлік тарап «Кухня», «Анжелика», «Интерны» және «Универ» сынды танымал телехикаялардың авторы. Ал, жаңа фильмнің басты режиссері де ресейлік мамандар тарапынан таңдалып алыныпты, ол – Станислав Булов.

Киноның желісі Арсен деген жас жігіттің өмірі жайында. Ол елге танымал кәсіпкердің ұлы. Өзіне сенімді, ақылды, сымбатты, жігіттің сұлтаны. Алайда, ол қиыншылықтың не екенін білмей өскендіктен барлығын да ақшамен сатып алуға болады деген қағиданы ұстанады. Әкесінің дүниесіне сеніп өскен ол күндердің күнінде барлық жиғанынан айрылады. Мұнан кейін Арсен халыққа қызмет көрсету орталығына жұмысқа орналасады. Жұмыс орнында қызмет істейтін Динара есімді аруға ғашық болып, махаббат сезімі оның өмірін мүлдем өзгертуге бірден-бір септігін тігізеді.

Режиссердің айтуынша, телехикаяға түсетін актерлардың көбісі жаңадан кино саласына қадам басып келе жатқан жас актерлар. Олардың көбі кәсіби актерлар болмаса да фильмді жақсы алып шыға біліпті.

«Телехикая он төрт сериядан тұратын мелодраматикалық комедия болмақ. Негізінен, комедия жанрындағы фильмді түсіру жаныма жақын. Әрине драма, мелодрамма жанрында түрлі фильм түсіруге болар еді, алайда, көңіл-күйді көтеріп, еріксіз күлдіретін фильмді таңдадым. Естеріңізде болса бұған дейін «Базарбаевтар» отбасы жайында комедиясы түсірілді. Көрермендер көңілінен шыққан соң екінші бөлімін де түсірген болатынбыз. Ал, қазіргі фильмнің негізгі идеясы ретінде өмірдегі барлық құндылықтар ақшамен өлшенбейтінін көрсеткіміз келеді. Басты кейіпкердің өз махаббаты үшін күресуі жолында қалай өзгеруін көрермендерге көру өте қызық болатынына сенімім мол», – дейді режиссер С.Булов.

Айта кетейік, телехикаяда қазақстандық танымал әншілер Шер Әлі мен Луина және танымал актерлар Бибігүл Ақтан, Жәния Журинская және Данияр Әлшінов ойнайды.

11770251_723864157735577_2055816866_o

11770200_723864227735570_1252370374_o

11768800_723864377735555_569553915_o

11770537_723864044402255_2067442878_o

11768800_723864377735555_569553915_o

11779110_723864691068857_2120198768_o

11760541_723864777735515_1133204710_o

11777947_723864577735535_93183860_n

baq.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

thumb_700x394_ba31d3aac0692106a1e5f1e9b4f2e2b1

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

99 рет оқылды09.08.2015
thumb_700x394_9ed14ba3f9a8668be9b2f5d60d3f8611

Вашингтонда «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

48 рет оқылды09.08.2015
unnamed (8)

«Қазақстан» телеарнасындағы “Келін” телехикаясының көрсетілімі аяқталды

883 рет оқылды07.08.2015
11249-212-_rnek_ru

Бекболат Тілеухан “Құнанбай” фильміне баға берді

272 рет оқылды07.08.2015
OfnpBTOusFA (1)

«Тақиялы періште-2» фильмі Алматы облысында түсіріліп жатыр

226 рет оқылды03.08.2015
elbasy-1

Президент туралы фильмде депутаттың рөлін сомдайтын актерлерлер керек

208 рет оқылды03.08.2015