Шоу-бизнес

Жұлдыздардың соңғы қоңырауы

Әр жыл сайын мамырдың 25-інде соғылған қоңырау барлық адамның есінде ерекше сақталады. Бірі үлкен өмірге қадам басқанына қуанса, енді бірі өмірдің қайталанбас шағы, мектептегі жылдарының аяқталғанына сенбей, көзге қимастықтың жасын алады.

Бүгінде сахнада шоқ жұлдыздай жарқыраған шоу-бизнес өкілдері де кезінде партада отырып, кітап оқып, есеп шығарған оқушы болды. Мектептен түлеп, өнер майданында шыныққан олардың санасында алтын ұямен қоштасу әні әлі жаттаулы.

Продюсер Алтынбек  Рахметовте қос қуаныш. Осыдан тура 30 жыл бұрын мектеп қабырғасымен қоштасқан оның, бүгін ұлы Ескендір «Жас түлек» атанды. Компьютерді жетік білетін жігіт ақпараттық технология саласын серік еткелі отыр екен. Жақын күндері Ұлттық Біріңғай Тестке қатысып, студент атануына да аз қалды.

Ал, «Алтынбек мырза 30 жылдықты тойлай ма?» деген сұраққа продюсер былай жауап берді:

«Мен 30 жылдықты тойламаймын. Оған себеп, ұлымның мерекесі. Екіншіден, маған сыныптастарыммен кездесіп керек емес те. Себебі жиырма жылдан бері олардың бір бөлігі жанымда. Өмірлік жарыммен бір сыныпта оқығанбыз. Биыл екеуміздің мектепті тәмамдағанымызға 30 жыл»

Биыл әнші Маржан Арапбаеваның мектеп бітіргеніне 20 жыл. Өкінішке орай, Маржанмен хабарласа алмадық. Себебі, ол бүгін, өзі түлеп ұшқан мектепте жүр. Алайда, барлық  түлектерге  әлеуметтік желі арқылы тілегін жеткізді.

http://instagram.com/p/3F4s75FeQx/?taken-by=arapbayevamarzhan

Ал, 20 жылдықты былтыр тойлаған Айгүл Иманбаева, биыл да мектеп ауласынан табылды.Сөйтсек,  1-сыныпты аяқтаған сіңлісі Ләззатпен бірге ән шырқаған екен. Биыл ол  достарының мектеппен қоштасқанына 20 жыл толу мерекесін бірге атап өтпек.

http://instagram.com/p/3FyadvDZ9q/?taken-by=aigul_imanbaeva

Түлектер кешін тойлайтындардың қатарында Алтынай Жорабаева да бар. Айгүл Иманбаевамен хабарласқанымызда, ол бүгін кешке Алтынайдың сыныптастарымен ұйымдастырылатын мерекенің қонағы болатынын айтты. Осыдан түйгеніміз, Алтынай қызу дайындық үстінде.

2005 жылы әнші Кәмшат Жолдыбаева да Маңғыстау облысынан түлеп ұшқан түлектердің бірі еді. Жеке шығармашылығымен айналысып, қызу жұмыс жасап жатқан Кәмшат, өкінішке орай мектебіне бара алмайды екен. «Қазақ хандығына 550 жыл» толу қарсаңындағы маңызды шараға үлес қосып жүр.

http://instagram.com/p/3FlPG3wJLe/?taken-by=kamshat__zholdybayeva

Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен бірнеше мың оқушы алтын ұямен қимай қоштасады. Сан мамандықтың тізгінін тартуға дайын түлектерді бүгінгі мерекесімен құттықтаймыз. Он, жиырма, отыз жылдықтарын тойлайтын елдің еңселі азаматтары секілді алар асуларыңыз биік, өмір жолында тек сәттілік тілейміз.

 

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

maxresdefault

Баян Есентаева ресейлік порносайттармен соттаспайтын болды

456 рет оқылды31.05.2015
IMG_20150530_092230

Ғалымжан Молданазар Нью-Йоркте ән салды

458 рет оқылды30.05.2015
IMG-20150529-WA0081

Ұлықпан «баласымен» Еуропаға қоныс аударды

1 201 рет оқылды29.05.2015
f521661bc20d589015184a22b3b56815

«Доминолықтардың» тұңғышы дүниеге келді

952 рет оқылды27.05.2015
LUN_3218

Мақпал Жүнісованың инстаграмын жойған кім?

1 633 рет оқылды21.05.2015
W_m-hUMguic

Нұрлан Еспанов «Киноға кетем!» дейдi

793 рет оқылды21.05.2015