Шоу-бизнес

Баян Есентаеваның жаңа жобасы жайлы 10 дерек

«Turkvision-2014» ән байқауында  Жанар Дұғаловамен бірге өнер көрсеткен күйші Нұржан Тәжікеновтің есімі халыққа байқаудан соң кеңінен таныла бастады. Байқауға дейін күйші бірнеше ірі шараларда, шет елдерде де  қазақтың қара домбырасымен өнер көрсеткен. Сонымен қатар, отандық музыкалық телеарналардан бейнебаяндарын да шығарып  үлгерген. Алайда сіз  жас талантты күйші жайлы не білесіз? Нұржан Тәжікенов кім? Біз осы орайда қасиетті домбырада ерекше ойнайтын дарын иесімен оқырмандарымызды жақынырақ таныстыруды жөн санадық.

Назарларыңызға Нұржан Тәжікенов жайлы 10 дерек ұсынамыз.

  1. 1989 жылы 16 қыркүйекте, жылан жылы дүниеге келген.yXiLjhfO_nc
  2. Батыс Қазақстан өңірі, Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Балалық шағын толықтай осы өңірде өткізген.qDJihlXZJro
  3.  Батыс Қазақстан өңірінде мектепті бітірген.  4-сыныптан 9-сыныпқа дейін бесжылдық №2 музыкалық мектепте білім алып, күй өнеріне деген қызығушылығы сол сәттен басталған. 9-сыныпты аяқтағаннан кейін Атырау облысындағы Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыкалық академиясы Атырау музыка колледжінде білімін жалғастырған. Колледжді аяқтағаннан кейін Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында оқыған.EFP-sfqgHTk
  4. Қарапайым отбасынан шыққан. Әпкесі және қарындасы бар.  Үйіндегі жалғыз ұл. Әкесі мұнай саласында жұмыс жасайды. Ал анасы — мұғалім.wiiz3So3OEA
  5. Күләш Ниматова, Клара Жолдасова, Карима Сахарбаева сынды профессорлардан  білім алған.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  «Парасат» орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың көзін көрген ең соңғы шәкірті.LEQcEI8p9HI
  6. Ең алғаш бейнебаяны «Сағыныш» атты күйге түсірілген.  Осы уақытқа дейін түрлі күйшілердің 400-ге жуық күйін орындаған.

  1. Күйші ретінде Құрманғазы, Дина сияқты ұлы күйшілердің өнерінен үлгі алады. Ал қазіргі эстрадада «Ұлытау» тобы мен Асылбек Еңсеповты ерекше құрметтейді, өнерлерін бағалайдыpage
  2. Нұржан Тәжікеновты алғаш Бағым Мухитденова консерваторияда бірде өнер көрсетіп жатқанда байқаған. Кейіннен «Қазақ аруы» сұлулық байқауында қатысушы қыздарының бірімен өнер көретуге шақырған. Ал осы жылы Баян Мақсатқызы өзі хабарласып, «Turkvision» байқауына Жанар Дұғаловамен бірге өнер көсетуге ұсыныс білдірген.x0Eo7kouiHk

  3. Домбырадан бөлек фортепианода жақсы ойнайды. Сонымен қатар, үрмелі-соқпалы аспаптарда да ойнауды жетік меңгерген. Бірақ жанына қазақтың қасиетті қара домбырасы жақын. l38StZ65790
  4. Ешқашан продюсермен жұмыс жасап көрмеген. Алайда енді Баян Мақсатқызы ресми түрде  продюсері болды. Баян Мақсатқызы ең алғаш байқауда жүргенде Қазан қаласында ұсыныс білдірген. Елге келгеннен кейін Нұржан ойланып, келісімін берген. Енді Баян Мақсатқызының  жобаларының бірі.UVrsBBnzTuI

Пікірлерді оқу (2)

2 пікір

  1. Райхан

    24.01.2015 , 20:38

    Нуржан оте керемет талант иесысыз талантынызга нур жаусын клип тыптен тамаша корып козыме жас алдым Аллам озынызге 2дуние бакытын берсын.

  2. Alma

    26.01.2015 , 20:48

    Assalaumagaleikym,beine baianiniz ote keremet wikkan tuindi,bir jilap aldim,oneriniz orge juzsin!!!

Бөлімнің басқа жаңалықтары

11261195_1271477749535251_2019629748_n(1)

Нұржан Керменбаевтың шәкірті сахнаға жол тартпақ

80 рет оқылды08.03.2016
12818984_1083995558329433_1227217439_n(1)

Динара Қырықбаева қызын қырқынан шығарды

272 рет оқылды08.03.2016
VTHE

Өнерді сырттан келгендер былғап бітті — Меруерт Түсіпбаева

927 рет оқылды07.03.2016
--ayrat-N--rtas-4-ret---ke-atandyi

Тыңдарман енді Қайрат Нұртастың концертіне бармайды

2 780 рет оқылды06.03.2016
yymy

Рано Омароваға сырға салды

1 820 рет оқылды05.03.2016
цой

Белорусь оркестрі орындаған Виктор Цойдың әні желіде хитке айналды

215 рет оқылды05.03.2016