Шоу-бизнес

«Әлем Аруы» байқауынан биыл да орын бұйырмады

«Әлем аруы-2014» сұлулық байқауынан елімізге биыл да орын бұйырмады.

Кеше көптен күткен «Әлем аруы-2014» байқауының ақтық финалы  АҚШ-тың Майами қаласында өтті. Ақтық финалға дейін жартылай финалда әлемнің 88 елінің арулары өздерінің ұлттық және арнайы байқау үшін тігілген көйлектерін көрсетіп шықты. Еліміздің намысын қорғап барған «Мисс Қазақстан-2013» байқауының жеңімпазы Айдай Исаева жартылай финалда отандық дизайнер Аида Кауменованың қолынан шыққан ұлттық көйлек пен Найл Байкучуковтың байқауға тіккен көйлектерін көрсетті. Алайда Айдайға  15 финалисттің қатарынан көріну мүмкіндігі тумады. Финалисттердің қатарына АҚШ, Колумбия, Украина, Австралия, Италия, Индия, Испания, Франция, Индонезия, Филиппин, Аргентина, Ямайка, Бразилия, Венесуэла, Нидерланды елдерінің қатысушылары өткен болатын.

Байқау нәтижесі бойынша «Әлем Аруы-2014» атағы Венесуэла елінің аруы, 22 жасар Паулина Вегаға бұйырды. Дәстүр бойынша тәжді «Әлем Аруы-2013» байқауының жеңімпазы Габриэла Ислер кигізді. «Бірінші вице-мисс» АҚШ-тық Ние Санчес, «Екінші вице-мисс» Украиналық Диана Гаркуша, «Үшінші вице-мисс» Ясмин Верхейджан атанды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің атынан шыққан 25 жастағы Айдай  Исаева  Шымкент қаласының тумасы және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Қазіргі таңда ол Алматы қалалық №1 емханада отбасылық дәрігер болып қызмет етеді. Сұлу бойжеткен осыған дейін «Шымкент аруы», «Университет аруы», «Мега аруы», «Алматы аруы», «Қазақстан аруы» сынды сұлулық байқауларының жеңімпазы атанған.

Айдай Исаева

The 63rd Annual MISS UNIVERSE Pageant

The 63rd Annual MISS UNIVERSE Pageant

ayday_i_-_03

Байқау жеңімпазы

The 63rd Annual MISS UNIVERSE Pageant

«Бірінші вице-мисс»

The 63rd Annual MISS UNIVERSE Pageant

«Екінші вице-мисс»

The 63rd Annual MISS UNIVERSE Pageant

Пікірлерді оқу (4)

4 пікір

  1. Жулдыз

    26.01.2015 , 21:00

    Жеңістің болмауы қатысқан кыздарымыздан емес деп ойлаймын, тек біз әлі барлық әлемге танылып үлгермеген өте жас ел екендігімізде, Қазақстан қыздары да «Әлем аруы» атануының ауылы алыс емес шығар.

  2. Маке

    27.01.2015 , 09:41

    Достар, біріншіден, бұл байқау Әлем аруы, яғни Мисс Мира емес, Мисс Вселенная деп аталады.
    Екіншіден, Паулина Вега Колумбиядан келген, Венесуэлла емес)))

    • Нургул

      27.01.2015 , 23:47

      Мисс Вселенная ягни «Жаhан Аруы» жане колумбилык Венесуэла деп кателескен!

  3. Нургул

    27.01.2015 , 17:46

    Jenimpaz bolgan venesuela emes, colombia Paulina Vega Dieppa

Шоу-бизнес
3 499 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

zEJdOkgeL9k

Қазақстандық КВН команда Ресейлік ойындардың сайысына жолдама алды

183 рет оқылды03.02.2015
CYMERA_20150202_191520

Алтынбек Рахметов: «Мұндай дауыс қазақ эстрадасында болмаған!»

662 рет оқылды02.02.2015
oiNsiFoGNFc

«Сарын» тобына не болды?

1 495 рет оқылды01.02.2015
10955925_638934372895223_89247104_n

Ақылбек Жеменей тағы да бір әншіні жетекшілігіне алды

803 рет оқылды31.01.2015
photo_13321

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

657 рет оқылды30.01.2015
10947510_780699428673476_1123149240_n

Алматыда Павлодарлық өнерпаздардың «Қазақ елі» концерті өтеді

294 рет оқылды29.01.2015