Гостиницы в Алматы
2014-10-28 22:18:39 2238 0

Ерлер қыздардың сымбатына, көркіне мән береді. Әдемі көз – кез-келген адамды өзіне тартады, ал жұмбақ көзқарас талайлардың сезімін селт өткізері сөзсіз.

Жанарымыздың қорғаны кірпік екені рас. Сонымен қатар ол көзге өзінше көрік береді. Әр көзде 160-қа жуық кірпік болады. Кірпік сапасыз косметика мен күннің әсерінен, дұрыс тазартылмағандықтан сирейді. Сол үшін кірпікті бір жеті бойы жатарда «кастор» майымен сүртіп тұрыңыз.

Көздің айналасындағы тері өте сезімтал келеді және өте нәзік. Адам күні бойы көзін 10 мың рет ашып-жұмады. Жарықтан көзімізді сығырайтқанда, жылағанда немесе күлгенде біз көздің терісіне әсер етеміз. Яғни түрлі жағдайлардан теріге әжім түсе бастайды. Сондықтан көз бен оның айналасындағы тері күтіміне жас кезден көңіл бөліп отыру қажет, ал жиырма жастан бастап арнайы көңіл бөлген жөн. Жанарымызды әдемі қалпында сақтау үшін не істеу керек?

  • Бетіңізді жастыққа қойып, етпетінен ұйықтауға әуестенбеңіз.
  • Тым биік жастыққа ұйықтамаңыз, ол көз астындағы ісікке жол беріп, әжім түсіреді.

  • Таңертең оянғанда көзіңізді уқалаған дұрыс емес, бұл да теріге әжімнің ерте түсуіне жол береді
  • Жаздың ыстық мезгілінде және қыста арнайы көзілдірік киюді ұмытпаңыз.

  • Таңертең, кешкісін көзге дәріханаларда сатылатын түймегүл тұнбасының бір ас қасығын бір литр суға аралыстырып, осы қоспамен көзіңізді ашып тұрып жууға тырысыңыз. Тұнба температурасы 36С болғаны жөн.
  • Сапасы жоғары кремдерді ғана пайдаланғаныңыз дұрыс. Теріңіздің түріне қарай таңдаған крем көзіңіздің жан-жағына түсетін әжімдерге тосқауыл болатыны сөзсіз. Кремді көздің астыңғы бөлігінен, мұрын жанынан саусақтардың ұшымен бетке қарай жаққан ыңғайлы.
  • Косметика қалдығын арнайы сұйықтықпен (молочко) тазартып кетірген дұрыс.

  • Көздің астындағы дөңестенген ісік – жүрегі, бүйрегі ауыратындар арасында жиі кездеседі. Мұндай жағдайда тұзды аз пайдалануға тырысыңыз.

Пікір жазу