Гостиницы в Алматы
2017-07-03 17:53:26 36 0

«Jamaica»,  «O sole mio» секілді әндерімен танымал итальяндық әнші Робертино Лоретти өзінің  1960 жылдары алған алтын табақшасын Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартпақшы.

Бұл жайында today.kz мәлімдеді. «Мен әзірлеген сыйлық – таза алтыннан жасалған жастық шағымның куәгері. Ол мен үшін бағалы дүние. Дәл мендегі заттың Назарбаевтың үстелінен табылғаны мен үшін қуаныш»,- деп атап өтті итальяндық.

Айта кетейік, Роберто Лоретти  19-шы шілде күні  Астанада өтетін кеште өнер көрсетеді. Және әнші бұл кеште көпшілікке таныс «Ave Maria» немесе «Jamaica-ны» емес, қазіргі репертуарынан ән орындайтынын айтты.

 

Пікір жазу