Гостиницы в Алматы
2016-12-21 17:12:31 29 0

"Астана" футбол командасының ганалық ойыншысы Патрик Твумасиге Аккра қаласында шабуыл жасалды деп хабарлайды Егемен Қазақстан. 

22 жастағы футболшы мерекеге байланысты еліне келген. Қару асынған белгісіз адамдар "Астана" клубының ойыншының үйіне кіріп, бағалы заттары мен ақша алып кеткен.

"Олар тапаншасын кезеніп тұрғандықтан қарсы күш қолдана алмадым. Отбасымды өлтіретінін айтып, қымбат заттарымды алып кетті", – деді Твумаси.

Қазір жергілікті полиция ұрлық жасау ісі бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Футболшының айтуынша, 29 мың доллар ұрланған.

"Бұл оқиғадан кейін отбасымның аман қалғаны үшін Жаратқанға алғысым шексіз. Шабуыл жасағандар қомақты қаржы мен бағалы заттарды алып кетті. Дегенмен, біз тіріміз. Бұл бәрінен де маңызды", – деді 22 жастағы ойыншысы.

 

Пікір жазу