Гостиницы в Алматы
2016-04-15 10:44:16 342 3

Диана Шарапова "All Давай" тобын сотқа беруге мәжбүр болғанын және олармен бейбіт түрде келісімге келуге тырысқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Шарапованың продюсері Роман Мироновтың айтуынша, БАҚ-қа жалған ақпарат таратылып жатыр. Олар өз тарапынан Шоқан Маратұлына бірнеше рет хабарласып, тіпті дастархан басында да келісімге келуге тырысқан. “Қажет десеңіз, мен оған талай рет қоңырау шалғанымды дәлелдей аламын. Жүз рет қоңырау шалып, дастархан басында бірнеше рет жолықтық. Мен де ол жерге ұрысып, жанжал шығару үшін барған жоқпын. Бар болғаны қазақстандық екі артистің бір жыл ішінде бірдей туындыны алып шығуының тиімсіз екенін түсіндіргім келді. Қарап тұрсаңыздар бұл ақылға сыймайтын дүние ғой. Осы әділетті ме?” - дейді Миронов.

Ал әнді олар Еркін Төлебаевтан алғанын айтқан. “Кез келген әннің авторы болады. “Новогодний бал” әні авторлық қауымдастықта тіркелген. Ән авторы Еркін Төлебаев өзінің төл туындысын Диана Шараповаға берді. Қазір қолымызда All Davay тобының құқығымызды бұзғанын, аталған әннің бізге тиесілі екенін дәлелдейтін құжаттар бар”, – дейді продюсер.

Мироновтың айтуынша "Новогодний бал" әнін ресейлік шоумен Сергей Зверевпен бірігіп айту үшін, бейнебаян түсіру үшін аз қаржы жұмсалмаған. Нақты айтқанда, бейнебаянға 20 мың доллар, ал аранжировкасына бір жарым мың доллар кеткен. Бұдан өзге жол пұлы мен жатын орын, тамақ ақшасы бар.

“Біз маңдай терімізді төгіп осыншама жұмыс атқарған кезде бір артист пайда болып, қолыңдағыңмен бөлісуді сұрайды. Авторлық құқықтың кімге тиесілі екенін шетке ысырғанның өзінде, мұның нағыз еңбек екенін бағалау керек қой. Ал, 4 миллион айыппұлды біз емес, заңгеріміз тағайындады. Өйткені "All Давай" тобының жігіттері ұзақ уақыттан бері біздің құқығымызды бұзып келеді”, – деп продюсер осы істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Диана Шарапова "Новогодний бал" әнін "All Давай" тобы орындап жүргені үшін топты сотқа беріп, 4 млн теңге талап еткен болатын. Ал "All Давай" тобы болса, бұл әннің халық әні екенін айтып, халық әні ешкімге тиесілі емес екенін жеткізген.

Пікірлер

  • Бір Қазақстанда тұрып,не болды соншама бір ән үшін соттасып.
  • Ақерке
    Бір Қазақстанда тұрып не болды соншама соттасып.
  • Бір Қазақстанда тұрып,не болды соншама бір ән үшін соттасып. басқа проблема аздай......

Пікір жазу