Гостиницы в Алматы
2016-04-07 17:47:44 742 0

Продюсер Жанна Абуова «Меломен» тобының репертуарына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Baistars.kz.

Айта кетейік, Жанна Абуова «Меломен» тобына продюсер болған кезінде орындалған әндерді айтуға тыйым салған еді. Продюсер топтың хит әндерін өзінің жаңа жобасы «Назар» тобына орындатпақшы. Продюсердің айтуынша, бұған бірнеше себеп бар:

«1. Продюсер мен әртістің біріккен жұмысында бір ғана жақтың еңбегі болмайды. Ең алдымен, Аллахтың қалауымен іске асады. Продюсер өз әртісі үшін музыкалық репертуар таңдау кезінде қаржы құйып қана қоймай, жанын, жүрегін, миын салады. Топтың (әртістің) дамуының концепциясын жасайды, концерттік-гастрольдік жұмысын ұйымдастырады, сахнадағы, сонымен қатар БАҚ-тағы дамуын қадағалайды (яғни ПИАР-мен айналысады). Әртіс, өз кезегінде, продюсердің ойлап тапқан концепциясына сай талаптарын орындайды. Бұл екі жақты серіктестік дегенді білдіреді, яғни екі жақты жұмыс. Мен мұнымен екі жақтың да еңбегі жайлы айтқым келіп отыр. Бұл жағдайда, Меломен тобының ғана емес, менің де, продюсер ретінде және команданы құрушы ретіндегі еңбегім.

2. Меломенмен біріккен жұмыс кезінде, келісім шарт мерзімінен бұрын аяқталды, жігіттер өз бетінше жұмыс істеуді қалады. Мен олардың қалауына қарсы шықпадым, оған қоса, продюсер болып тұрған кезімде өз қаржыма сатып алған, яғни менің құқығымдағы барлық әндерді жігіттердің өздеріне қалдырдым. Бар мақсатым, өздері ақша тапсын деп тіледім. Енді менің талаптарым орындалмай жатыр.

3. Біз жігіттермен бейбіт түрде қоштастық және біздің арамызда олар ешбір продюсердің көмегіне жүгінбейді деген джентельмендік келіссөз болды. Жалпы бұл жігіттердің өз қалауы болатын, бірақ кейін олар бұл сөздерінен тайғанын байқадық. Дегенмен мен олардың жетістіктеріне қуаныштымын.

4. Енді менің жаңа, дарыны жағынан олардан кем түспейтін «Назар» атты тобым жайлы. Олар менің қалауым бойынша, «Меломен» тобының ескі әндерін қайта орындап шығады, себебі ол әндердің жалғыз заңды иесі мен екенімді тағы айтып өтпекпін. Топтың жаңа авторлық әндерінен өзге, репертуарларында «Меломен» тобының әндері болады, яғни менің құқығымдағы әндер. Бұрынғы командамның танымал хиттерін қайта орындап шығудан еш сөлекеттік көріп тұрғаным жоқ, бұл Меломен тобының шығармашылығына, әрі қарай дамуына еш әсер етпейді» - деп жазды Жанна Абуова Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Продюсерді әріптесі Алуа Қонарова да қолдады. «Егер әртіс келісім шартты орындамаса және өз сөзі мен ісіне жауап бермесе продюсер көп нәрсеге құқылы. Жаннаның жағдайында, ол продюсер ретінде жаңа жобасына бұрыңғы әртістерінің әндерін орындатуға толық құқылы, себебі жалғыз заңды иесі өзі. Бірақ бұл бұрыңғы әртістерге залалы тию үшін емес, бұл «Меломен» тобының дамуына еш әсер етпейді! Мұны түсінулеріңіз керек. Әртістер келеді, кетеді. Ал жаңа жобаны қолға алатын продюсерлер қалады. Адамгершілік жайлы ұмытпай, өз сөзіңде тұру керек. Бұл әртіске де, продюсерге де қатысты! Ал сыншыларға айтарым, продюсердің еңбегі жайлы ештеңе білмей бірдеңе деуге асықпаңыздар. Біріккен еңбекте бір ғана әртістің еңбегі болмайды, бұл екеуара жұмыс» - деді Алуа Қонарова.

Пікір жазу