Гостиницы в Алматы
2016-12-21 12:35:21 11 0

Қарағандыға ҚазКСР еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXХІІI халықаралық бокс турниріне Рой Джонс келді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағандыда ҚазКСР еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғ. Жарылғаповты еске алуға арналған дәстүрлі XXХІІI халықаралық бокс турнирі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың мәліметіне сүйенсек, турнирге Қазақстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей мен Қырғызстан елдерінен 100-ден астам боксшы қатысуда. Бес күн бойы 10 салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектер өтеді.

Еске ала кетейік, жаттықтырушының ұлы, турнирдің ұйымдастырушысы Нұрғазы Жарылғаповтың шақыртуымен екі жыл бұрын Рой Джонс Қарағандыға келген болатын. Америкалық боксшы қазақстандықтардың қонақжайлылығына тәнті болған. ҚазКСР еңбегі сіңген жаттықтырушы Ғ. Жарылғаповты еске алуға арналған XXХІ халықаралық бокс турнирінде Рой Джонс рэп-орындаушы ретінде қатысқан. Ол жанды дауыста үш әнін орындаған болатын. Енді осы XXХІІI халықаралық бокс турнирінде де Рой өзі шығарған рэпті орындап берді.

Пікір жазу