Гостиницы в Алматы
2016-03-10 10:25:01 2323 1

Салтанат Әзірбек қалай арықтағаны жайлы айтты

Алматы Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек бір жарым жылда артық салмақты қалай тастағаны жайлы Tengrinews.kz\tv порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baistars.kz.

Баспасөз қызметкеріне артық салмақтан арылуға күнделікті жаттығумен айналысу көмектескен. "Бір мезетте өзіммен айналысу керектігімді түсіндім. Бәлкім, уақыт та пайда болған шығар. Мен алдыма арықтаймын деген мақсат қойдым да, өз-өзіммен жұмыс істеуді бастадым. Маған арықтауға жүйелі жаттығумен айналысу көмектесті. Жаттығу залына күнде баруға тырысамын, тіпті кейде түн ортасында баруым да мүмкін" - дейді Әзірбек. Қазір оның салмағы тұрақталған, дегенмен ол жаттығуларын тоқтатпаған.

Сонымен қатар, ол арықтау үшін тамақтану дағдысын түбегейлі өзгерткен. Тамақты талғаммен жеуді үйренген.

Айта кетейік, Салтанат Әзірбек Ішкі істер департаментінде 13 жылға жуық қызмет еткіп келеді. Тұрмыста, екі баласы бар.

Пікірлер

  • орынбек 2016-10-28 21:59:24
    салтанат әзірбекте әйел заттарында кездесетін тартымдылық және ер азаматты үйір ететін шарм бар екені байқалады. несі бар жасасын қазақтың әдемі парасатты келіншектері. арықтауды ойластырғаны өте дұрыс шешім болған екен...

Пікір жазу