Гостиницы в Алматы
2016-12-15 20:10:20 11 0

Айдар Казов  77 келіге дейінгі салмақ бойынша ауыр атлетикадан Азия Кубогының жеңімпазы атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Айдар қоссайыс жиынтығында ирандық спортшыдан бір баллға озып, 317 (140+177) келі  көтерді. Осы санатта жарысқа түскен бағы бір спортшымыз 19 жастағы Жасұлан Қалиев алтыншы орын иеленді.

14-17 қазанда Катар астанасы Дохада ауыр атлетика бойынша бірден екі турнир өтіп жатыр: Азия Кубогы және Катар Халықаралық кубогы. Қазақстаннан бұл жарыстарға төрт спортшы қатысады: Айдар Казов (77 келіге дейін), Жасұлан Қалиев (77 келіге дейін) Селімхан Әбубәкіров (105 + келі), Александра Аборнева (75+ келі).

Пікір жазу