Гостиницы в Алматы
2016-12-03 16:03:49 109 0

Қазақстандық модель Dolce&Gabbana жабық көрсетілімінің подиумына шықты

Қазақстандық модель Баян Бокишева Гонконгте өткен Dolce&Gabbana жабық көрсетіліміне қатысты.  

Модель қыздың айтуынша, әлемдік танымал дизайнерлердің көрсетіліміне қатысқан алғашқы қазақ қызы екен. «Алғашқыда, Dolce&Gabbana кастингінен өту мүмкін емес сияқты көрінді, себебі модельдерді таңдау үшін олардың кастинг-директоры Миланнан ұшып келіп, Бейжің, Шанхай, Гуанджоу мен Гонконг қалаларынан іріктелді. Бірақ, армандар орындалатынына көзім жетті! Осындай құрметке ие болғаныма шексіз қуаныштымын. Әсіресе, олардың көрсетіліміне қатысқан алғашқы қазақ қызы болғаныма өте ризамын», - деп жазды ол Instagram парақшасына.

Айта кетейік, бұл Dolce&Gabbana компаниясының Alta Moda коллекциясын шығысқа алғаш алып келуі және келесі көрсетілім Гонконгта өтеді.

Пікір жазу