Кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» атымен танылған Исламның бұл жолғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхель.
Басты кездесуі Ислам мен Де Анхель арасындағы жекпе-жек болып табылатын рейтингтік бокс кеші 9 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында Астана уақытымен таңғы 07:00-де басталмақ.
Кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан Қанат Ислам бұған дейінгі өткізген 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның ішіндегі 17 кездесуде отандасымыз қарсыластарын нокаутқа түсірген.
Бүгінде Қанат Америка Құрама Штаттарында жаттығады. Бапкері - танымал америкалық маман Нельсон Лопес. Де Анхельге қарсы жекпе-жек - Қанаттың кәсіпқой бокстағы кең ауқымды телеарна көрсететін алғашқы кездесуі.
Ал Хуан Де Анхельге келер болсақ, колумбиялық боксшы 2008 жылдан кәсіпқойлар арасындағы сындарға қатысып келеді. Шаршы алаңда 22 жекпе-жек өткізіп 18-ін өз жеңісімен аяқтаған. Үшеуінде Де Анхельдің қарсыластары басым түссе, бір кездесу (Хуанның кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі) тең нәтижемен аяқталған.
Отандасымыз Қанат Исламға сәттілік тілейміз!