1 – орын. Геннадий Головкин
Спорт түрі: Кәсіпқой бокс
«Инстаграмдағы» оқырмандар саны: 655 мың
Қазақстаннан шыққан ең танымал тұлға Геннадий Головкин десек қателеспейтін шығармыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қатар Геннадий Головкинді барша әлемде таниды. «Трипл Джи» кәсіпқой бокстағы орта салмақтың нағыз «патшасы» әр кездесуін нокаутпен аяқтап, өзіне тең қарсылас жоқ екенін үнемі дәлелдеуде. Қазіргі таңда, Гена - әлемдегі ең үздік боксшылардың қатарында. Ал, Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяоның үлкен спорттан кетуіне байланысты аталмыш боксшылардың орнын басуы әбден ықтимал. Сондай-ақ, Головкин әлеуметтік желідегі парақшаларын ағылшын тілінде жүргізеді.
2 – орын. Сәбина Алтынбекова
Спорт түрі: Волейбол
«Инстаграмдағы» оқырмандар саны: 567 мың
Шығыс-Азия елдерінде кумирге айналған қандасымыз - Сәбина Алтынбекова. «Алматы» воллейбол клубында негізгі құрамға іліне алмаған споршы тәжірибе жинақтау үшін Жапонияға қоныс аударған. Бірақ онда көп тұрақтамай елге оралды. Өзінің айтуынша, негізгі мақсаты – Ұлттық құрамаға іліну. Бірақ, спорттан көрі бұл қызымыздың кино мен модель бизнесінде болашағы зор сияқты.
3 – орын. Илья Ильин
Спорт түрі: Ауыр атлетика
«Инстаграмдағы» оқырмандар саны: 309 мың
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин ауыр атлетикадағы «алтын» адам. Талай рекордтарды жаңартқан Қызылорда тумасы әр қатысқан жарысында жеңімпаз болып қайтады. Бұған қоса, Илья қазақ тілін жақсы біледі. Ильин «инстаграмдағы» парақшасын орыс тілмен қатар қазақ тілінде жүргізеді. РИО-дағы Олимпиадада Илья үшінші «алтынын» аңсап жүр. Сондай-ақ, оның мақсаты – бес дүркін Олимпиада чемпионы атану.
4 – орын. Серік Сәпиев
Спорт түрі: Әуесқой Бокс
«Инстаграмдағы» оқырмандар саны: 145 мың
Бокспен қош айтысқанына қарамастан Серік Сәпиев үлкен спорттан кеткен жоқ. Қазірде ол «Астана Арландарының» бас менеджері. Сондай-ақ, команданы жасақтауда бапкерлерге көмектесіп жүр. «Басында боксты сағынып жүрдім, бірақ кейін үйреніп кеттім» деп Сәпиев қазір еліміздің әр қаласында «Астана Арландарының» қатысуымен бокс кешін ұйымдастырып, бұл спорт түрін елімізде одан әрі дамытып жүр. Сонымен қатар, Серік «ЮНЕСКО»-нің елшісі.
5 – орын. Денис Тен
Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау
«Инстаграмдағы» оқырмандар саны: 85 мың
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада жүлдесін ұтқан Денис Тен қазір жарақатынан емделуде. Жыл сайын үлкен жарыстарда жүлделі орын алатын Денисті Қазақстаннан өзге Азия елдерінде ұнатады. Америкада жаттығу жасайтын Денистің АҚШ-та да жанкүйерлері жетерлік. Сонымен қатар, спортшымыз – «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубының мүшесі.
Автор: Қайсар Оқас