Гостиницы в Алматы
2016-12-08 12:48:00 196 0

«Заман» тобының орындауындағы белгілі композитор Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір-өзен» атты әнін орындаған армян қызы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz.

Әнші Сәкен Майғазиев желіге армян қызының ән айтқан видеосын жүктеді. Видеода армениялық әнші Сильва Хакобян «Өмір-өзен» әнін өз тілінде шебер орындаған.

Желі қолданушылары армян әншісінің талантты екенін алға тартты. Оның даусының кеңдігін, түр-келбетінің тартымды екенін айтқандар көп болды. "Заман” тобымен салыстырып, кей тұстарынан кемшілік іздеген тыңдармандар да табылды.

Пікір жазу