Гостиницы в Алматы
2016-01-18 16:04:28 1206 0

"Өнер қырандары" әзіл-оспақ театрының жұлдыздары тұңғыш рет отандық комедияға түсті, - деп хабарлайды Baistars.kz. Ал басты рөлді "Меломен" тобының солисі Жігер Ауыпбаев сомдаған.

"72 сағатта үйлену" деген атау алған фильм студент жігіт жайлы сыр шертеді. Бақыт (Жігер Ауыпбаев) туған ата-анасынан жастай айрылғандықтан, атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленді. Атаның өсиеттерін мұқият тыңдап өскен бақыт үшін, үлкенге құрмет көрсету қағидасы бірінші орында тұратын еді. өз туған баласы мен келінінен айрылған қарияның ендігі бар үміті немересі Бақытты екенін ол жақсы түсінетін. Күндердің күнінде атасы мен әжесін ел алдында мақтанышқа ие қылу ойымен, ауылға Астанадан келін әкелемін деп күн белгілейді. Ол жаңалық бүкіл ауылға тез тарап, үй іші тойға қатты кірісіп кетеді. Барлығы алғашында жап-жақсы басталғанымен, Бақытты жаңа кедергілер күтіп тұрған еді.

Фильм көрерменді жеңіл күлкімен ғана емес, әлеуметтік, отбасылық, адамгершілік тақырыптарын кеңінен ашып, тәрбиелік мәні бар көріністермен баурайды. Сонымен бірге, фильмде қазақтың ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрпы, адал достық, пәк махаббат, әлеуметтік теңсіздік, әке мен баланың қарым-қатынасы жайлы тақырыптар қозғалады.

Басты рөлдерде, сонымен қатар, Динара Абдуллина мен Жұлдызай Дүйсенбиева ойнайды. Фильмнің режиссері Еркебұлан Жолдасов. Ол бұған дейін Әсел Сәдуақасова мен Рано Умарова ойнаған "Фуга. Дорога в никуда" фильмін түсірген болатын. Продюсерлері: Жанбек Мәдиев пен Асхат Садырбай.

Осы фильмге саундтрек ретінде "Меломен" тобы "Қазақ қызы" деген ән жаздырып, бейнебаян түсірген. Фильм отандық прокатқа 11 ақпан күні шығады деп жоспарланып отыр.

Пікір жазу