Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізіледі деп жоспарланып отырған бокс кешіне қатысты жаңалықтарымен бөлісті. Бұл туралы Sports.kz жазады.
"Барлығы бекітілген, жақын арада келіссөздердің ақтық кезеңін өткізу үшін Мексикаға барамыз. Болашақ Конвенцияның қаржылық жағын талқылау керек. Түсіндіруді қажет ететін бірнеше мәселе бар. Бұл - ел үшін маңызды шара, сондықтан барынша көп чемпионның келгені жақсы. Ал олардың келу-келмеуі белгісіз. Әзірге Головкиннің командасы Астанаға келуді жоспарлап отыр. Егер матч кезінде өнер көрсетеміз десе, қала билігінің, спорт комитетінің қолдауы керек болады, себебі бұл үшін үлкен қаржы керек", - дейді ол.
Бұған дейін ЭКСПО-2017 аясында Астанада Геннадий Головкин, Қанат Ислам секілді спортшылардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкін деп хабарланған болатын.
ЭКСПО-2017 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.