Гостиницы в Алматы
2017-07-04 11:06:40 43 0

Дүниежүзін талантымен таң қылған Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань елді-мекенінде су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсетті.

Hunan телеарнасының weibo әлеуметтік парақшасында пайда болған ақпаратқа сүйенсек, Димаш Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан Mango V қорына 300 мың юань (14 миллион теңге) көлемінде ақша аударған. Димаш аталған провинцияда өткен «Singer» байқауы арқылы әлемге танылғанын атап өтіп, ондағы зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді өзінің азаматтық парызы деп санайтынын жеткізген. Бұл жайында қазАқпарат мәлімдеді.

Айта кетейік, маусым айының соңында толассыз жауған жауынның кесірінен Хунань проыинциясын су басып қалды. Салдарынан елді-мекен тұрғындарының басым бөлігі үй-күйсіз қалып, ішерге ас таппай отыр. Алапат тасқыннан зардап шеккендерге Қытай билігінен бастап, көптеген танымал адамдар көмек қолын созуда.

Ал Димаш Хунань провинциясына қарасты Чанша қаласында өткен «Singer 2017» байқауында жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап, әлемге танылды.

Пікір жазу