Гостиницы в Алматы
2016-12-15 20:34:23 17 0

"Лос-Анджелес Лейкерс" клубының  экс-баскетболшысы Майкл Томпсон Геннадий Головкин  мен  Сауль Альварес  "Канелоның" жекпе-жегінен түсетін қаражатқа қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Сонымен, Оскар (Канелоның промоутері) GGG-ге қанша ұсынасың? 2? 4? 10 миллион доллар? Оның тым төмен деп ойламайсың ба? Головкин жоқ дегенде 25 миллион доллар алуы тиіс. Себебі Канело бұл айқас үшін 50 миллион доллар алады. Оскар,  көзіңді ашатын кез келді!", - деп жазды Томпсон твиттерде.

Оскар де ла Хойя Том Леффлерге жекпе-жек үшін 10 миллион доллар ұсынған. Бірақ қазақстандық боксшының промоутері одан бас тартқан болатын.

Головкин мен Канело 2017 жылдың соңына қарай рингте кездесуі мүмкін.

 

Пікір жазу