"Құрметті достар! Ресми мәлімдеме жасағым келеді: соңғы төрт күні ішінде әлеуметтік желілерде маған қатысты негатив күрт артып кетті.
Кез келген шығармашылыққа, кез келген шығармашылық адамына құрметпен қарайтынымды айтқым келеді.
Сот органдарына шағым түсіру немесе бөтен біреудің шығармашылығын талдап, қарастыру, басқа әртістердің шығармашылық өміріне, қызметіне араласу - менің тарапымнан мүмкін емес іс. Бұлай істемеймін де.
Әр әртістің өмірінде болатын, тұрақты түрде туындап отыратын заңды, даулы мәселелер - қандай да бір елде сол әртістің мүддесін қорғайтын продюсер мен компанияның жұмысы. Танымал орындаушыларға қатысты заңнамалық даулар мен мәселелер әрқашан да болған, бола да бермек, бұл - қалыпты жағдай және ол негативке, жанжалға, әсіресе тілдеуге алып келмеуі керек", - деп жазады Витас.
Мәлімдемеде әншінің нақты қандай жағдайды меңзеп отырғаны белгісіз. Еске сала кетейік, бұған дейін оның продюсері Сергей Пудовкин Димаш Құдайбергеновтың Hunan TV арнасындағы "I am a singer" жобасында Витастың "Опера №2" әнін рұқсатсыз айтты деп шағым түсіріп, сұхбат берген болатын.