Гостиницы в Алматы
2017-02-04 01:06:57 2065 0

"KeshYOU" тобының жаңа құрамы анықталды. Қытайда өнер көрсетіп жүрген топқа келген әншінің кім екенін көрермендер біліп қойды деп хабарлайды Nur.kz.

Осы уақытқа дейін жұрт топтан кеткен Ақбота Сейітмағамбеттің орнына кім келеді деп болжап келген болатын. Баян Есентаева топтың жаңа әншісі ретінде кім келетінін таяу күндері айтуға уәде еткен еді. Топтың Instagram-парақшасында бұл туралы ақпарат 7 ақпан күні жарияланады деп көрсетілген.

Бірақ көрермендер үшінші солистің кім екенін продюсердің мәлімдеуінсіз-ақ біліп қойды. Себебі, желіде топтың Қытайдағы өнер көрсетуінен видео пайда болды.

Видеодан топта бұған дейін "Лашын" тобында болған Элизат Берікованың өнер көрсеткенін көруге болады. Демек, топтың жаңа әншісі Элизат Берікова деп болжады интернет-қолданушылар.

Естеріңізге салсақ, "Кешью" тобынан Ақбота Сейітмағамбет отбасылық жағдайына байланысты кеткен еді. Тыңдармандардың бір бөлігі топқа мүше болуға "Лашын" тобындағы Сара Амангелді лайық деп тапса, екіншілері әнші Назым Әбілдина келуі мүмкін деп болжаған болатын.

Пікір жазу