Жаңалықтар

«Қазақстан дауысы — 2015»: Мұратбек Хайролда жеңіске жетті!

Бүгін жарты жылға созылған еліміздегі айтулы ән додасы — «Қазақстан дауысының» үшінші маусымы өз мәресіне жетіп, Мұратбек Хайролда жеңімпаз атанды.

Бірнеше аптадан бері «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде көрерменнің дауыс беруімен үздіктер іріктелді. Соңғы кезеңде 16 әншінің ішінен көпшіліктің көңілінен шыққан және көп дауыс жинаған 4 өнерпаз ғана қалған болатын. Олар: Рүстем Нұржігіттің тобынан дара шыққан қытайдан келген қандасымыз Жәннат Әділханқызы.  Мәдина Сәдуақасованың шәкірті — Ербол Тәжібаев. Нұрлан Албанның шәкірті Мұратбек Хайролда. Ал  Алмас Кішкенбаевтың шәкірті Диана Исмаилова.

Өткен сайыста көрерменнің 80 пайыз дауысын жинаған үміткер Мұратбек Хайролда бүгін белгілі әнші Ғаділбек Жанаймен «Ханшайымым» (Р.Зайытов/Ғ.Жанай) әнін орындады. Көрерменнің риясыз қошеметіне бөленіп жүрген үміткер Диана Исмаилова Дильназ Ахмадиевамен бірге «Көз алдымда» (С.Бақытжан/С.Бақытжан) әнін шырқады. Үздік атанудан үміттілердің бірі — Жәннат Әділханқызы Ерке Есмаханмен «Асыл арман» (Р.Зайытов, А.Дүйсенов) әнін орындады. Ербол Тәжібаев әнші Айқынмен бірге ән айтты. Алғашқы кезең қорытындысы бойынша Диана Исмаилова жарысты тоқтатты.

Екінші айналымда қатысушылар тәлімгерлерімен бірге ән айтуы керек болатын. Бұл жолы тәлімгері Мәдина Сәдуақасовамен «Жайлаукөл кештері» әнін орындаған Ербол Тәжібаев жарысты аяқтады. Ақтық сында Жәннат Әділханқызы мен Мұратбек Хайролда бақ таластырды.

Айта кетейік, «Қазақстан дауысы» конкурсының бас жүлдесі — 5 миллион теңге жеңімпазға бұйырды.

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Сіз білмейтін

    23.12.2015 , 00:49

    Өкінішті,,, «Қазақстан дауысы» жылдан — жылға өз имиджін түсіріп жатыр.» шоу» емес кішігірім «Ауыл арасындағы» сайыс сияақты. Мүмкін жобаны нағыз талатты мамандарға тапсыру керек шығар? Әйтпесе бұлар тарта — тарта тулақ қылды.

Бөлімнің басқа жаңалықтары

IMG_7364

Әли Оқапов «голливудтық фильмнің» басты рөлін сомдайды (ФОТО)

53 рет оқылды23.12.2015
5764f046-d001-4d19-a6c3-90d5159fab51

Илья Ильин карьерасын қашан аяқтайтынын мәлімдеді

44 рет оқылды23.12.2015
12328346_1652670374992876_1483915028_a

Қайрат Нұртаспен бірге кешкі ас ішкен бойжеткен бақытты екенін жасыра алмады (ВИДЕО)

521 рет оқылды22.12.2015
photo_23090

НВО сарапшысы Головкинді «2015 жыл боксшысы» деп атады

77 рет оқылды22.12.2015
7FF0D867-2A3A-46AC-8475-B858BDCD4494_mw1024_s_n

Рифхат Зайытов: Менің балам Елбасыға қарсы болған емес

547 рет оқылды22.12.2015
qiSVA6ymTr4

Меломен тобы көрермендерді таңқалдырмақ

205 рет оқылды22.12.2015