Алматы қаласы Наурызбай ауданынан мәслихат депутаттығына өз кандидатурасын ұсынған Асылхан Төлеповке жазылған жағымсыз пікірлер ағасы Артур Төлеповке ауыр тиді — деп хабарлайды Baistars.kz.
Осыған дейін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кеткен Асылханды оқырмандарының көбі «депутаттыққа әлі ерте, ештеңе білмейді, еңбегі сіңген жоқ» деген сияқты сөздер айтып сынаған болатын. Ағасы белгілі актер, тележүргізуші Артур Төлепов «сынаушы» оқырмандарға жауап қатты.
Артур өзінің инстаграм парақшасында халыққа барынша мейірімді болуға шақырды: «Құрметті достар! Кешелі бері бауырым Асылхан жайлы жазылған негативті пікірдерді оқып, көңілім түсті. Туған ағасы болғандықтан, әрине, бұл жайт жүрегімді қынжылтпай қоймайтыны анық» — деп бастады сөзін актер.
«Қаракөз халқым! Бір-бірімізді етектен шалуды, интернетте отырып, жерден алып жерге салуды қашан қоямыз осы?! «Біріңді қазақ бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген Абай атамыздың өсиетін ұмыттық па? Қазақ халқы тарихта бір ғана жағдайда жеңіліске ұшыраған: ішкі бірлігі жоғалған кезде, бір-бірін көре алмай, табалаған кезде. Кешегі 37-жылғы зұлматта Сталинге арыстарымызды ұстап берген де өзіміздің қазақтар еді… Өкінішті! Тарихтан сабақ алар кез жетті емес пе? Қазақтың бір баласы елге қызмет етуге талап қылса, айып па? Неге қолдағанның орнына, аяқтан шалуға тырысамыз? Қазақтың батырларын, билерін еске алсақ, ерте жаста ел ісіне араласқан. «Ата тұрып, ұл сөйлесе — ер жеткені» дейді дана қазақ. Кешегі Сартайдың өзінің ерлігі неге тұрады. Ал бүгіннің «Сартайы» атқа қонса, оған күдікпен қарауымыз қалайша? Бауырымды ел сенімін ақтайтын, аманатқа қиянат қылмайтын, өнер мен қоғамдық қызметті қатар алып жүре алатын азамат ретінде білемін. Қазақтың бір ұлы шыңға шықса, қуанғанымыз дұрыс еді. Қолдағанымыз абзал еді, қазағым!» — деп қынжылды әртіс.





Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS