«Қазақ халқының аса бай мұрасы - дәстүрлі термешілік, жыршылық өнерін қолдау және оны дамыту үшін алғаш рет «Ұлы Дала Елі» халықаралық фестивалі ұйымдастырылып отыр. Фестиваль қазақтың дәстүрлі сөз өнерін насихаттап, одан әрі дамыту арқылы халықтың отаншылдық сезімі мен ұлттық рухын күшейтуге, елдік тұтастықты нығайтуға және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған. Фестиваль аясында Қазақстанның және басқа да түбі бір түркі тілдес елдерден келген ғалымдар мен жыршылар түркітілдес халықтардың дәстүріндегі эпикалық жыраулық өнердің мән-маңызын талқылайды» - деді өз сөзінде ҚР мәдениет қайраткері, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат Әуезов.
Айта кетелік, фестивальге Қырғызстан, Қарақалпақстан, Башқұртстан, Дағыстанның Ноғай ауданынан және басқа да елдерден ғалымдар мен жыршылар қатысады.
Бүгін түстен кейін сағат 14:00-ға Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында «Ұлы Дала Елі» халықаралық фестивалі аясында мәдениет қайраткерлерінің шеберлік сыныптары және ертең таңертең осы мұражайда сағат 09:00-де «Түркі халықтарының жыраулық өнері мен эпикалық дәстүрі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылады. Ал фестиваль шымылдығы кешкі сағат 19:00-де Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет тетарында өтетін «Жыр қанатындағы тарих» атты гала-концертпен жабылады.
Ақпарат: www.inform.kz