Ол финалдық белдесуде жерлесі Ұлан Рысқұлды жеңіп, мықтылығын көрсетті. 1995 жылы туған жас балуан, биылғы “Қазақстан барысының” жаңалығы болып отыр. Еске салсақ, Ұлан Рысқұл 7 жыл бұрын “Қазақстан Барысы” жарысының ең алғашқы жеңімпазы атанған еді. Ол бүгінгі бәсекеде ширек финалда өзінің туған інісі Руслан Әбдіразақовты, ал жартылай финалда Айбек Нұғымаровты жеңіп финалған шыққан болатын.
Ал Еламан Ерғали ширек финалдық сында Асыл Барменовты жеңіп, ал жартылай финалда Арман Қалиевтен айласын асырған.
Үшінші орын үшін болған тартыста семейлік Айбек Нұғымаров атыраулық Арман Қалиевті жеңіп, қола жүлдені жеңіп алды.
Барыс атанған балуан 25 миллион теңге ақшалай сыйлықты да қанжығасына байлады.