Гостиницы в Алматы
2017-01-12 10:36:30 137 0

Қазақстандық акробат Қытай байқауының финалына шықты

“Буынсыз адам” деген атпен шыққан цирк әртісі Айдос Тоқтарбаев Қытайда өтіп жатқан халықаралық “Талант сахнасы” байқауының жартылай финалына шықты деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл Айдос Тоқтарбаевтың қауіпті трюгімен қазылар алқасын таңқалдырып жатқан әуесқой түсірілімді көрермендердің бірі жариялаған. Әйтпесе, жоба эфирге шықпай тұрып, қатысушыларға байқаудан сурет немесе видео жариялауға қатаң тыйым салынған екен.

“Орта Азия мемлекеттер арасында басында командалық болып басталған, кейіннен әркім өз бетінше өнер көрсетеді. Көрермендерді, әділқазы алқасын таңқалдыру керек. Сонымен жартылай финалдамыз бұйырса”, – деді цирк әртісі Айдос Тоқтарбаев.

Жаттығудың үстінен түскен біз де Айдостан “қонақ кәде” сұрадық. Қазір Ван Дамның танымал трюгін қайталайтын цирк артисі, шпагатқа отырып, екі аяғымен көлік сүйрейді. Трюк өте қауіпті. Өйткені көліктің салмағы 1 тонна болса, кейін оның үстіне 50 келі болатын 4 қап цемент салынған. Тағы екі жігіт шықты үстіне.

“Негізгі жоспарда үлкен жүк көлігі болған. Бұйырса алдыңғы көктемде 31 арна көрермендеріне арнап тапсырыс беріп үлкен жүк көлігі автобус сүйресем деген ой бар”, – дейді акробатшы.

Пікір жазу