ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіргелі отырған бұл фильм балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өмірі туралы баяндайды.
«Балуан Шолақ соңғы серілеріміздің бірі. Ол – композитор, балуан, ат құлағында ойнаған спортшы. Фильмде Балуан Шолақтың бойында бар өнерін, елінің қамы үшін түрлі ерлікке бара алатындығы мен Ғалияға деген махаббатын көрсеткіміз келеді. Түсірілім тобындағы барлық департаменттер түсірілімге толыққанды дайын». – деді режиссер.
Түсірілімдер Акмола облысы және Павлодар облысында өтеді, сондай-ақ кей сахналар «Қазақфильмнің» павильондарында түсірілетін болады. Фильмнің қоюшы суретшісі Еркін Сүлейменов фильмнің негізгі сахналары болатын «Жәрменке» және «Балуан Шолақтың ауылы» декорацияларын Алматы облысы Жалаңаш және Кеген ауылдарында тұрғызылғаны туралы айтып берді.
Балуан Шолақтың рөліне режиссер актер Еркебұлан Дайыровты таңдаған. Фильмге еліміздің басқа да танымал театр актерлерімен қатар дебютант-актерлер де түсетін болады. Түсірілім жұмыстары 1 маусымнан Алматы облысында басталады