Гостиницы в Алматы
2014-10-22 23:40:53 2290 0

Алдымен классикалық стилдің не үшін керек екенін түсініп алу керек. Классикалық стильдегі киімдер күнделікті жұмысқа, ресми кездесулерге, шығармашылықпен айналысатын жұмыс орындарда, т.б. сол сияқты жерлерге киіп бара беруге болады.

Мұндай киім әйел адамдарды іскер, тез шешім қабылдай алатын, жинақы, әдемі етіп көрсетеді. Ол әрі кез-келген жастағы қыздарға, дене бітімі қандай болса да жараса береді. Алайда киімнің денеге тым жабысып тұруына жол бермеңіз.

 

 

Сөмкеге көп көңіл бөліңіз. Көбінесе классикалық образға конверт-сөмкелер немесе фурнитурасы көп емес іскерлік- сөмкелер жарасымды келеді.

Сөмкені иыққа асып жүру спорттық стильге көбірек келеді.  Егер классикалық пиджак киіп, сөмкені иыққа асып алатын болсаңыз, бір иығыңыз үнемі жоғары көтеріліп жүреді де, пиджак әдемі, ұқыпты көрінбейді. Сөмке керек жарақтың барлығын алып салуға арналғанымен, стильді образдың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан классикалық образыңызға сәйкес, үйлесіп тұратын сөмкені таңдағаныңыз абзал. Бұл сізді жинақы әрі ұқыпты іскер әйел екеніңізді көрсетеді.

Пікір жазу